Балаларына бөртпелердің шығып кеткенін айтып шағымданған ата-аталармен Флиндер медицина орталығының (Аделаида, Аустарлия) ғалымдары ұшырасты. Дәл осы мемлекетте балалар экземасы көбейген. Бөрпелер балалардың әсіресе беттерінде, қолдарында және құйрықтарында көп пайда болған.
Зерттеу жүргізген ғалымдар оның себебін кәдуілгі күнделікті қолданып жүрген «влажные салфетки», ылғалды майлықтардан тапты, анығын айтсақ, бар мәселе оның құрамындағы компонент – метилизотиазолинде болып шықты.
Қазіргі таңда өндіруші компаниялар бұл консерванттың орнын алмастыруға болатын табиғи компонент іздестіруде.
Медицина қызметкерлері де ылғалды сүрткіштерді көп қолданбауға, мұмкін болса, мүлде қолданбауға (аналар әсіресе сәбилердің жөргегін ауыстырарда жиі қолданады) кеңес береді.