1. Жол әрдайым бөліп тұрады. Оң жақ пен сол жақ. Артта қалған жүк пен алдыдан тосатын сый бар. Ал, енді бұрыл. Сол жағың оңға, келешегің өткеніңе айналады. Тағы да бұрыл. Тағы да бәрі өз мәнін өзгертеді.
2. Адамды кешіру үлкен даналық, екінші рет кешіру шексіз мейірбандық, үшінші рет кешіру ақымақтық.
3. Жылдар бойы іштей шірігенше, бір сәтте лап етіп жанып кеткен артық.
4. Ырым-тыйымның бәрін ұмытып, арманыңа лайық екеніңе нық сенім артсаң, қалағаныңа жетуге рұқсат етсең – бәрі де орындалады. Өз қалауыңа сенім арту – тілектердің орындалуының басты шарты! ©Вадим Зеланд
5. Әйел жасы келіп есеймейді. Ол жанындағы ер-азаматқа сай өзгереді.
6. Кей сәтті өмір бойына созғың келеді. Сол сияқты кейбір адамдарды көруге әрдайым қуанасың.
7. Төбелес пен махаббат қасық қаның қалғанша созылады.
8. Есеймеген адамдар ғашық болғанда бір-бірінің еркіндігіне тұзақ салып, тәуелділікке мәжбүрлеп, ой абақтысына қамайды. Есті жандар сүйген кезде бір-біріне еркін болуға көмектеседі. Кез елген тәуелділікті жоюға септеседі. Махаббат тәуелділікке түссе, құбыжыққа айналады. ©Ошо.
9. Ешкім жақсы көрмеген баладан ешкімді жақсы көре алмайтын адам өсіп шығады. ©Перл Бак.
Аударған Шынар Әбілдә
Қабылан ақпараттық порталы