✅ Көптеген аруларымыз шаштың түсуін емдеу үшін не істеу керектігін сұрап жатады. Сол себепті назарларыңызға 3 пайдалы рецепт ұсынамыз:
Пияз, бал, ошаған майы, сусабын
✅ Аталған әрбір ингредиенттен 1 ас қасық алып, араластырыңыз. Қоспаны басыңызға жағып, шаштың бойына ысқылап, жағыңыз. Жылы сүлгімен шашты орап, 1-2 сағаттан кейін жуып тастаңыз.
Ошаған майы, какао, саруыз
✅ 3 ас қасық ошаған майын 1 шай қасық какаомен араластырып, 2 жұмыртқаның сарысын қосыңыз. Басқа жағып, уқалаңыз. Жылы сүлгімен орап, бір сағаттан кейін сусабынмен жуу керек.
Бал, лимон шырыны, ошаған майы
✅ Барлық ингредиенттерден 2 ас қасықтан алып, араластырыңыз. Қоспаны стақанда ұстап, пеште қайнап тұрған ыдысқа салып, қыздырыңыз. Бал толықтай еріп кетуі керек. Маска суыған соң 2 саруыз қосып, басқа жағыңыз. Жылы сүлгімен орап, 1-2 сағаттан кейін сусабынмен жуыңыз.
Маскаларды аптасына бір рет, кемінде бір ай жасау керек. Нәтижесінде шаштың түсуі тоқтап қаңа қоймай, өсуіне де әсер етеді.