Абрахам Маслоу ұсынған психологиялық жетілудің 15 белгісі

enc_entry_6367.jpg

Психолог Абрахам Маслоу төменде тізілген қасиеттері бойында бар тұлғалар жалпы халықтың тек 1% ғана құрайды деген екен. Мұндай адамдарды ол психологиялық сау тұлға деп атаған. Психологиялық жетілу адам бойындағы барлық қабілет пен дарынын ашуға негіз болады деп айтқан.   

Ал, сіздің бойыңызда осында аты аталған қасиеттердің қайсысы бар:

1. Өмірдің шынайы болмысын қабылдау, өзекті болып тұрған мұқтаждық, таптаурын қажеттіліктен тыс тылсым дүниеге деген қызығушылығы басым.

2. Өзін де, өзгені де боямасыз, қалыпты тұрғыда қабылдай біледі. Жасанды, жыртқыш мінез-құлықтан ада, өзгенің де мұндай болмысын қабылдай алмайды.  

3. Табиғи мінез, қарапайымдылық, аяқ асты шешім қабылдай білу. Дәстүр мен салтқа бекем, оларды әжуаламай, бірақ сол тақырыпқа еркін әзілдей біледі. Автоматты түрде емес, түйсік деңгейіндегі мінез-құлық конформизмі. 

4. Іскерлік бағыт. Мұндай адамдар өзіне емес, өзінің өмірлік мақсатына ден қояды. Әдетте олар өзінің мүддесін әмбебап құндылықтармен қатар қойып, оны мәңгілік бағамымен өлшейді, бір сәттік қуаныш деп қарамайды. Сондықтан олар белгілі бір деңгейде пәлсапашы болып шығады.   

5. Көптеген жағдайлардан өзін сырт ұстайды. Бұл оларды жаманат атаулыға мойымай, сабырлы болып, аяқ асты басқа түсетін қиындықтарға төзімді етеді. Жалғыздыққа бейім болады.  

6. Айналадан азат әрі автономды өмір кешу: өмірден баз кешуге итермелейтін жағдайларға төтеп бергіш.

7. Қабылдай алу жаңашылдығы: онсызда белгілі нәрседен жаңа леп сезгіш.

8. Өз менінің жоғалуына қам жеп, шектен шыға уайымдайды. 

9. Адамзат баласымен түбі бір екенін сезеді. 

10. Өзінен бөлек белсенді адамдармен достасқыш: достығы ертеден басталған шағын топты ет жақындарының болуы. Өзге адамға қастық ойламау. 

11. Қарым-қатынастағы демократия. Өзгелерден үйренуге бейімдік. 

12. Ішкі жан дүниедегі адамгершілік қағидаларының тұрақтылығы. Жамандық пен жақсылықты бірден сезеді: мақсатқа жеткіш, соның жолында бәрін бағындыра алады. 

13. «Пәлсапашылық» әзілге бейім. Өзіне де, өмірге де күліп қарай алады. Бірақ өзгенің жарымжандығын немесе басқаның қиындығын күлкі етпейді. 

14. Жаңашылдыққа бейім. Ол адамның немен айналысқанына байланысты емес. Кез келген салада өзін көрсете алады. 

15. Өзі өсіп шыққан мәдениетті сынай біледі. Жақсысын үйреніп, жаманынан жирене алады. Тек бір мәдениеттің, бір ұлттың ғана емес жалпы адамзаттың ұрпағы екенін сезіне алатындығы. 

Аударған Шынар Әбілдә


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: