1. Үкіметтің күші халықтың надандығына сүйенеді. Ол мұны біледі. Сондықтан ағарту ісіне белсене қарсы шығады. Осыны түсінетін уақыт келді.
2. Әр пенде адамзатты өзгерткісі келеді. Бірақ ешбірі өзін өзгертуге құлшынбайды.
3. Күте білетін жанға бақ қонады.
4. Барлық бақытты отбасылар бір-біріне ұқсайды. Ал, бақытсыздарының тарихы әрқилы.
5. Мықты адамдар әдетте өте қарапайым келеді.
6. Әркім өзінің есігінің алдын сыпырсын. Бәрі сөйтетін болса, сонда көше тап-таза болмақ.
7. Адамдар бізді жақсы болғанымыз үшін жақсы көретін секілденеді. Бірақ жақсы көрген адамдардың өздері жақсы бола алғандығынан бізді шын сүйетіндерін байқай бермейміз.
8. Махаббатсыз өмір сүрген жеңіл. Бірақ сезімсіз өмірдің мәні жоқ.
9. Өзім сүйетін нәрсенің бәрі уысыма түспеді. Бірақ қолда бардың бәрін жақсы көрем.
10. Әлем қайғыра білетіндердің арқасында алға жылжып келеді.
11. Ұлы ақиқаттың бәрі қарапайым.
12. Көп білу мақсат емес. Маңыздысы – ең керегін екшей білу.
13. Жадысы нашар болғандықтан арым таза дейтін адамдар болып тұрады.
14. Өзінен өткен оңбағанды көргенде, өзімен салыстырып, өзінің олардай болмағанына мақтанатын оңбағандар кездеседі.
15. Жауыздық тек адамның ішінде ғана бар, яғни тек жүректен ғана оны суырып алып шығуға болады.
16. Адам үнемі бақытты болуы керек. Егер бақыт бітіп қалса, қай жерден қателескеніңді бажайла.
17. Әр адам үшін өмірдің мәні – сүйіспеншілікте өсуі.
18. Жоспар құрып өмір сүреміз. Бірақ ертеңге дейін тірі қалатынын ешкімде біле алмайды.
19. Адам бой үйретпейтін өмір жоқ. Әсіресе, айналасының бәрі солай өмір сүргендігін көріп тұрса.
20. Әлемдегі ең үлкен қателіктің бірі — ештеңе істемей бақытты болуға болады дегенге сену.
21. Өмір сүру үшін ұмтылу керек, шырмалу керек, шағыну керек, сүрініп барып қайта тұру керек, бәрін басынан бастап қайтадан күресу керек, мәңгі бақи күресіп өту керек. Төзімділік - рухани шау тартудың белгісі.
Аударған Шынар Әбілдә
Қабылан ақпараттық порталы