Жігіттердің қыздарға ұнамайтын қасиеттері

3f62efce8ce5449885a8e306dee3b6db.jpg

Жігіттердің бойында қыздарға ұнайтын қасиеттер көп. Оларды бағалап, сырттай білдірмесе де, іштей құрмет тұтады. Мұнымен қатар, көңіліне жақпайтын жағымсыз қасиеттер де жоқ емес. Кезекті материалымызды жігіттердің бойындағы қыздарға ұнамайтын қасиеттерге арнауды жөн көрдік.

Аз көңіл бөлу. Қыз бала табиғатынан өзіне көп көңіл бөліп, құлай сүйген азаматқа ғашық болады. Тіпті мұндайда түрінің ұсқынсыз немесе әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының төмен екенін ұмытады. Ал сүйіктіңіз жаныңызда болған кезде смартфоныңызға үңіліп, компьютерде жұмыс істеп, көлігіңізді жөндейтін болсаңыз, одан айырылып қалуыңыз бек мүмкін. Сізге ренжіп, бос уақыты көп адамды жолықтырып жатса, оның бұл әрекетінің себебі бар деп түсінерсіз.

Үздіксіз қоңыраулар. Бұл қыздардың жүйкесіне тиеді. Жоғарыда айтқанымыздай, олар өзіне көңіл бөлгеніңізді ұнатады. Бірақ үнемі өзгелермен телефонмен сөйлесер болсаңыз, ол мұны қате түсінеді. Іштей ренжиді. Сондықтан телефонмен аз сөйлескеніңіз дұрыс. Мүмкіндік болып жатса, кездесу кезінде телефоныңызды сөндіріп қойыңыз.

Өзге қыздарға назар аудару. Мұндай кезде олар қатты ашуланады. Қызғанып, сіздің бұл әрекетіңізді түсінбей қалуы да ғажап емес. Оған ол қыздардың жай ғана сыныптасыңыз немесе бала күннен бірге өскен құрдасыңыз екені маңызды емес. Сондықтан өзге қыздарға аз қараңыз немесе бұл әрекетіңізді жасыра біліңіз.

Өзін жоғары бағалау. Өзгелердің құрметіне лайық, сыйлы, қалтаңыз қалың, сұлу азамат болсаңыз, сізге қошемет білдіреміз. Бірақ қыздар мұрнын шүйіріп, екі сөзінің бірінде мақтануды ұнататын жігіттерге қарағанда, қарапайым жігіттерді таңдайды. Қыздар өзімшіл азаматтың жанында өзін қажетсіз сезінеді.

Дөрекілік. Жігіттер көзімен, асқазанымен сүйсе, қыздар құлағымен жақсы көреді. Үнемі жылы сөздер естіп, қызықты тақырыптарда әңгімелескісі келеді. Ал боғауыз сөздер айтып, дөрекілік танытатын жігіт қарым-қатынастың дұрыс құрылуына кедергі жасайды. Сондықтан барынша мәдениетті болуға тырысыңыз.

Бала махаббат – алғашқы тәжірибе, үлкен өмірге, тұрақты қарым-қатынас құруға алғашқы қадам. Оның мәңгілікке ұласып-ұласпайтыны маңызды емес, бастысы әр нәрседен сабақ ала біліңіз. 


massaget.kz



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: