16 тіл білетін адамның 10 ақылы

590.jpg

Като Ломбтың мамандығы химик. Алайда әлемде синхронды аударма жасаушылардың қатарында оның аты алғашқылардың бірі болып аталады. Ол бір сәтте сегіз тілден аударма жасайтын. Жалпы 16 тілді үйренген, емін-еркін түсінісе алады. Оның кезінде аудио дискілер мен скайп, тіл үйрететін мектептер де болмады. Сонда қалай үйренген? «Мен тілді қалай үйренемін» деп аталатын бестселлер кітабында тіл үйрену үшін мына он ережені бұлжытпай орындау керектігін ескертіпті:

1. Тілді күнделікті қайталап отыру керек. Спортзалға барғандай. Бұлшықеттің бұлтиғанын көргің келсе, оларды жүйелі түрде жаттықтыр. Тым құрымағанда 10-15 минут кітап оқып, соны есте сақтауға тырысу керек. Немесе арнайы дайындалған қанатты сөздерді тізіп жазып, жаттап ал.

2. Егер тіл үйренуге деген ниетің тез өше бастаса, өзіңе лайықты тіл алгоритмін жасап ал. Мысалы, аздап жаттығу жасау, сосын музыка, сосын серуен.

3. Контекст — деген өте маңызды. Ешқашан мәтіннен сөзді жұлып алмаңыз. Тек контекстте оқыңыз. Мысалы, сіз «strong wind» деген сөздерді қосып жаттасаңыз, онда екі сөздің бірі міндетті түрде жадыңызға жазылады әрі ол екіншісін еске түсіріп тұрады.

4. Дайын қанатты сөздерді жазып алып жаттаған пайдалы. Оларды диалог кезінде көбірек қолдансаңыз, өте тиімді.

5. Көзге түскен нәрсенің барлығын ойша аударып отырыңыз. Мейлі ол жарнама, өлеңнің мәтіні, диалогтар, газеттегі мақала болсын. Қиын емес әрі пайдалы.

6. Жаттап алу – ең керемет нәрсе. Тек жүз пайыз дұрыс мәтіндерді жаттау керек. Оқытушы мақұлдаған мәтіндерді жаттаған абзал.

7. Қолданыста бар сөз тіркестерін, идиомаларды жазып алып, сақтаңыз. Оларды бірінші жақта жаттап алыңыз. 

Мәселен: «I am only pulling your leg» (Мен сені мазақтап тұрмын).

8. Кез келген шет тілін оқшауланып үйренуге болмайды. Мен өзім үшін деген сөз болмасын. Мұғалімді тыңдау жеткілікті дегенге сенбеңіз. Арнаулы фильмдерді көріңіз. Газет пен керекті әдебиетті оқыңыз. Ағылшынша сөйлейтін достарыңызбен әңгімелесіңіз. Тым болмаса интернетте хат жазысып отыруға болады. 

Като Ломб орыс тілін «Өлі жандарды» оқудан үйрене бастаған. Оған тек сөздік көмектескен.

9. Қателесемін деп үрейленбеңіз. Түзелмеген қателіктен сақтаныңыз. Ешқашан ештеңені тексермей қалдырмаңыз.

10. Бар қиындыққа қарамастан сіз тілді үйреніп шығасыз, оған еш күмәнданбаңыз. 

Аударған Шынар Әбілдә

"Қабылан ақпараттық порталы"



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: