Таңертең қалай ерте оянуға болады? 16 кеңес

7067af0d134d481fbb39b96ce6875071.jpg

Tabysker.kz ұжымы жастықпен қоштасудың үздік әдістерін топтастырды. Бұл қиындық сіздің де бойыңызда болса, онда танысып, оқып алыңыз.

1.Түскі ас кезінде серуендеңіз.Таза ауа аясында серундегенді дағдыға айналдырыңыз. Сонда жеңіл ұйықтап, сергек тұрасыз.

2.Таңғы жүгіру мен фитнесті кешкі мерзімге ауыстырыңыз.Таңғы спорт жаттығуларын көктем келгенге дейін кешкі мерзімге ауыстырыңыз. Ғалымдардың пайымдауы бойынша, бұл тіпті денсаулыққа да пайдалы.

3.Сағат 20:00 көрсеткеннен кейін теледидарды қоспаңыз.  Күлгін электр сәулелері ұйқы тұрақтылығын реттеуші мелотиннің жұмысын баяулатады.


4.Ұйықтар алдында майшам жағыңыз. Дұрыс таңдалған майлар ұйқыны реттеуге көмектеседі. Тек, оны өшіруді ұмытып кетіп, үйді отқа орап жүрмеңіз.

5.Ұйқыға жатар алдында, таңғы асқа тәтті тағам әзірлеймін деп уәде беріңіз. Жатарда нәр татпаңыз. Жеңіл асқазан сізді бірден аяққа тік тұрғызады.

6.Ұйқыдан қашпаңыз.Тым ерте болса да, көзіңіз ілінсе, мызғып алыңыз. Тәтті түске бөлген бірнеше сағат артық болмайды.

7.Терезені ашып қойыңыз.Улы газдарды жойып қана қоймай, ұйқыңызды да қандырасыз.

8.Сағат қоңырауын төсектен алшақ қойыңыз. Оны өшіруге тұрғаннан кейін, ұйқыңыз ашылады. Жайлы әнге ояныңыз. Тым қатты, әрі дөрекі ән таңғы серпіліске жарамайды.

9.Сізді күтетін қызықты саяхат туралы ойланыңыз. Немесе, сізсіз бұл күнді түнек басатындай көріңіз.

10.Оянғаннан кейін жыбырды іске қосыңыз. Төсекте жатып, бойыңызды сергіте беріңіз.

11.Үлкен мақсат қойыңыз.Тек мақсат қана адамды қанаттандырып, таң болсын, түн болсын, аяғына тұрғызады.

12.Тезірек жарықты қосыңыз. Жарық мелотинді баяулатады. Нәтижесінде, аяққа тез тұрасыз.

9.Сізді күтетін қызықты саяхат туралы ойланыңыз. Немесе, сізсіз бұл күнді түнек басатындай көріңіз.

10.Оянғаннан кейін жыбырды іске қосыңыз. Төсекте жатып, бойыңызды сергіте беріңіз.

11.Үлкен мақсат қойыңыз.Тек мақсат қана адамды қанаттандырып, таң болсын, түн болсын, аяғына тұрғызады.

12.Тезірек жарықты қосыңыз. Жарық мелотинді баяулатады. Нәтижесінде, аяққа тез тұрасыз.

13.Таңғы ас алдында бір стақан су ішіңіз. Асқазан мен организімді іске қосады. Күні бойы сергек жүресіз.

14.Терезені ашып, бірнеше рет терең дем алыңыз. Тіпті, терезенің ар жағында дауыл соғып жатса да. Тағы да жарты сағат…. хмм, бұндай әңгімені енді естімейтін болайын.

15.Ал, жарты сағаттан кейін маңызды жиналысыңыз бар екені есіңізге түссе, ұйқының қайда кеткенін түсінбей қаласыз.

16.tabysker.kz сайт ұжымы да аяғына тұрды. Күніңіз шуақты болсын!


Дерккөз: Табыскер www.tabysker.kz


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: