1) Сүйікті ісіңмен айналыс. Өзіңе шын керектіні тап. Өмірде ұлылық жасаудың бір ғана жолы бар, ол - жасаған нәрсеңді жақсы көру.
2) Өзгеше бол. Басқаша ойла. «Сарбаз болғанша, қарақшы болған артық».
3) Шамаң жететіннің ең жақсысын жаса. Бастаған әр ісіңе барыңды сал. Қалғыма! Жетістік одан да зор жетістікке есік ашады. Жетістікке талпын! Кемелдікке ғашық адамдарды жұмысқа тарт.
4) SWOT-сараптама жаса. Өзің компанияңды аша салысыңмен бір параққа оның ұтымды және ұтылатын тұстарын тізіп жаз. Шірік алмаларды компаниядан шығару үшін еш мүдірме.
5) Пысық бол. Әр кез зор мақсат қоя біл. Мыңдаған ойдың ішінен тез арада, тиянақты түрде жүзеге асыратынын таңда. Бірінші қадам – ең күрделі нәрсе. Еш ойланбай атта! Жүрегің мен түйсігіңе сенетіндей батыл бол!
6) Титтейден баста, ұлы мақсатты арманда. Қарапайым бір-екі істен бастасаң, күрделісіне де жетесің. Ертеңгі күнді ғана ойлап тоқтама. Келешекті де ойла. «Бүкіл әлемге не бере алам» деп ойла.
7) Нарықтың көшбасшысы болуға талпын. Соны технологияға ие бол. Қызметіңнің бар саласын қадағала. Ең мықты технология бар болса, оны ешкім қолданбаса да – соны пайдалан. Бірінші бол! Өндірістік стандартты өзің ұсынып отыр.
8) Нәтижеге мән бер. Адамдар әрекетіңе қарай бағалайды. Сондықтан нәтижені назардан тыс қалдырма. Сапаның таразысы бол. Көп адам сапаның не екенін білмейді. Оларға соны ескерту керек. Сапасын білмесе, өнімді сатып алмайды. Безендіруіне мән бер. «Дизайн образ бен не сезінгеніңді білдірмейді, ол ыңғайлылығымен жаулап алады».
9) Ақыл сұра. Әр саланың мамандарынан ақыл сұра. Әрбірі өзінің пайдалы кеңесін айтады. Егер сен істің мәйегі болсаң, онда кей кезде саған шынайы жауап бермейтініне өкпелеме. Олар қорқады. Бетперде ки, басқа ақпарат көздеріне жүгін. Сенің өніміңді қолданатын тұтынушыларға назар сал. Олардың дегеніне құлақ түр.
10) Өзгерт. Инновация көшбасшыны ізінен ілесушілерден өзгешелейді. Адамдарыңды жұмсап үйрен. Өзге басшылықта отырғандарға сенің ісіңнің 50 пайызын бер. Қалған 50 өзіңе қалдыр. Дұрыс жолдан тайып кетпеу үшін мыңдаған кедергілерге жоқ деп айт. Тек маңызды нәрселерге мән бер. Инновацияға ұмтыл. Әлем үшін ең керектіні, ең жақсыны жасағысы келетіндерді жұмысқа ал. Тіпті техникалық компанияда да өнімге барын салатын адамдардың мәдениетін қалыптастыру керек. Көптеген компанияларда талантты инженерлер мен ақылды адамдары бар, бірақ нәтижесінде солардың басын біріктіретін ұлы күш керек.
11) Өз қателіктеріңнен үйрен. Жаңаны жасап жатқан адамның қателік жасауы қалыпты. Ең маңыздысы дер кезінде қателігіңді тауып, оны түзеу.
12) Үздіксіз оқып, білім ал. Әр кезде оқитын, тануға тұрарлық нәрсе табылады. Өзгелермен ой бөліс. Өз компанияңдағы адамдармен, компаниядан тыс адамдармен сөйлесіп жүр. Тұтынушыдан, бәсекелестен, серіктестен үйрен. Егер серіктесің сен ұнатпайтын адамдармен сөйлессе, оларды жақсы көріп үйрен. Мақта, мадақта, өзіңе пайдалының бәрін жаса. Дұшпаныңды сына. Бірақ ашық сына. Ақиқатты мойындап сына.
Аударған Шынар Әбілдә