Қазақстанда ауылдардың 95 пайызы дотацияда немесе бюджеттерден алынған трансферттермен қаржыландырылады. Бүгін Сенат депутаттарының орталық атқарушы және жергілікті өкілетті органдардың басшыларымен кездесу барысында Сенат спикері Дариға Назарбаева осылай деп айтты.
-Бұл дегеніңіз жыл сайын 98 миллиард теңгеге жуық қаржы. Ал нәтиже қандай? Ол адамдардың тұрмыс деңгейіне оң әсері етті ме? Жұмыс орны көбейді ме? Әлде сол қаржы құрдымға кетті ме? Неліктен кейбір жерлерде сұраныс болмаса да көпқабатты үйлер немесе сәулетті мектеп ғимараты салынып жатыр? Шынына келгенде сол өңірде үш ауысымдағы мектептер аз емес. Өңірлерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін тәуелсіздік алғалы 540 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Бірақ, көптеген елді мекендерде халық таза ауыз суға қол жеткізе алмай келеді. Осы ауыз су бағдарламасы "Бермуд үштағаны" сияқты, қаржы жұмбақ жолмен жоғалып кетеді. неліктен? - деді Дариға Назарбаева.