Порошенко сайлауда жеңілгенін мойындады


 9EF73066-825B-4014-A9F7-10B66990A50E_w1023_r1_s.jpg

Кешегі жексенбіде Украинада президент сайлауының екінші туры өтті. Экзит-поллдың алдын ала нәтижесі бойынша, бұл додада көпшілік алдын ала болжағандай,   шоумен Владимир Зеленский жеңіске жеткен. Ол дауыс берушілердің 73 пайыздан астамының қолдауына ие болды. Ал елдің қазіргі президенті  Петр Порошенко 25 пайыз дауыс алды. Сайлаушылардың 1,5 пайызы екі кандидатқа да дауыс бермеген.  Бұл экзит-поллдың нәтижесі. Нақты нәтижені сайлау комиссиясы хабарлайды.

Порошенко өзінің сайлауда жеңілгенін күні бұрын білген тәрізді. Ол Владимир Зеленскийді жексенбі күні түнде құттықтап үлгеріпті.

21 сәуір күні өзінің қолдаушыларының алдында сөз сөйлеген Порошенко президенттік посттан кеткенімен, саясаттан кетпейтінін, Зеленскийге көмектесуге дайын екенін жеткізген.

Ал Зеленскийдің өзі 21 күні өткізген баспасөз мәслихатында:

 -Қазір ғана жеңіспен құттықтаған Украина президенті Петр Порошенкоға ризашылығымды жеткізгім келеді. Оған алғыс айттым. Ол кез келген уақытта көмектесуге дайын екенін жеткізді. Ол менің және командамыздың жеңгенін мойындады" деді.

WhatsApp Image 2019-04-15 at 09.38.39.jpeg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент «Жусан» операциясы бойынша мәлімдеме жасады
  • Назарбаев Қызыл алаңдағы әскери парадқа қатысты
  • Бүгін Сенат төрағасы 56 жасқа толды
  • Түркістанның сауда орындары қала сыртына көшіріледі
  • Шөкеевтің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: