Назарбаев Президент сайлауына Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

RIAN_5822470.LR.jpg

Нұр-Сұлтанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XIX съезі өтіп жатыр.

"Nur Otan" партиясынан алдағы президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаев түседі. Бұл шешім туралы съезде партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. 

Еліміздегі басқа да саяси партиялар ертеңнен бастап бірінен соң бірі президенттікке кандидаттарын ұсына бастайды. "Ақ жол" партиясының съезі 24 сәуірде өтсе, "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы 25 сәуірде жиналады. Қазақстанның коммунистік халық партиясының делегаттары 26 сәуірде бас қосады.

Ал "Бірлік" партиясы уақыт тапшылығына байланысты сайлауға қатысудан бас тартты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент «Жусан» операциясы бойынша мәлімдеме жасады
  • Назарбаев Қызыл алаңдағы әскери парадқа қатысты
  • Бүгін Сенат төрағасы 56 жасқа толды
  • Түркістанның сауда орындары қала сыртына көшіріледі
  • Шөкеевтің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: