Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалсын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылсын», - делінген Жарлық мәтінінде.
Естеріңізге сала кетейік, бұрын ол мемлекеттік хатшының қызметін атқарды. Оған дейін Премьер-министр болды.