"Егер Қозы Көрпеш пен Баян сұлу қосылып, бірге өмір сүрсе, олар бір-бірінің көзіне шөп салып, ырду-дырду болар еді", дейді әнші Меруерт Түсіпбаева. Ол бұл туралы Oibay Show жобасына берген сұқбатында айтты.
Әншінің пікірінше, мәңгілік махаббат деген жоқ.
"Неге Қозы-Көрпеш пен Баян сұлуды, Қыз Жібек пен Төлегенді жырлаймыз? Өйткені ол марқұмдар бір-бірімен қосыла алмаған. Ромео мен Джулетта да солай. Ал олар қосылғанда бір-бірінің көзіне шөп салып, ырду-дырду боп жүретін еді. Ғашықтардың бір-біріне қолы жетпесе – сол махаббат. Ал бір-бірін тауып қосылса, өмірлері әдемі болады дейсіз бе? Жоқ, махаббат бес жыл ғана. Одан соң ырду-дырду, қырылыс, алыс-жұлыс, неше түрлі жағдайлар басталады отбасында", - дейді ол.
Айта кетсек, мәңгілік махаббаттың символына айналған Қозы мен Баян күні жыл сайын 15 сәуірде аталып өтеді.