Банк картасын пайдаланушыларға мемлекет тарапынан бонус енгізілмек

20190326140120.jpg

Елімізде банк картасын пайдаланушыларға мемлекет тарапынан қосымша бонус беру тетігін  енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қосымша жаңа шаралар да қарастырып жатырмыз. Бұл - мемлекеттен азаматтарға, банк картасын пайдаланушыларға бонус беру. Аталған мәселені қазіргі уақытта талқылаудамыз», - деді ол. Сонымен қатар ол бизнеспен бірге ірі мәмілелерді қолма-қол ақшасыз жүргізу мәселесін де талқылап жатқандықтарын айтты. «Бизнеспен бірге қолма-қол формада ірі көлемде жасалған шығыстарға, сонымен қатар ірі мәмілелерге шегерім бойынша шектеу енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл ірі мәмілелердің қолма-қол ақшасыз формада жасалуы үшін енгізілмек», - деді Р.Дәленов.  

0d79983a0d0343a18d1c26f5c31f5a81.jpg


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: