Болат Жылқышиев: «600 миллион теңгеге салынған Қонаев даңғылын 800 милиион теңгеге қайта жөндеудің қ

Screenshot_13.png

"Елбасымыздың дұрыс саясатының арқасында экономикамыз көтерілді. Дұрыс реформаның арқасында бүгінде облыстарға да қаржы жақсы бөліне бастады. Бірақ сол ақшаларды жергілікті басшылар дұрыс пайдаланып жатқан жоқ. Қаржы нағыз керек жаққа бөлінбейді. Мен облыс әкімі болған кезде Шымкент қаласына көп қаржы берген жоқпын.Негізінен аудандарға бердім. Аудан экономикасы көтерілсін дедік. Бәйдібек, Шардара, Отырар аудандарына арнайы бағдарлама жасадық. Отырарда Қуаныш Айтаханов әкім болған кезде 2 миллиард теңге бөлініп, көптеген тірліктер жасалды. Қаншама ауылға ауыз су құбырлары тартылып, бірқатар мектептерге жөндеу жұмыстары жүрді. Кейінгі жылдары қаржыны жұмсауда көзбояушылықтар орын алуда. Шымкент қаласындағы Қонаев даңғылы екі мәрте жөнделді. Біз Қонаев даңғылын 2004 жылы іске қосқанбыз. Оған 600 миллион теңге жұмсалды. Сол Қонаев даңғылын 3 жылдан кейін қайтадан жөндеді ғой. Даңғылдың бұрынғы бордюрлары өте сапалы, қымбат еді. Оның бәрін алып тастады. Даңғылдың жөндеуіне 800 миллион теңге қаржы кетіпті. Мұның бәрі көзбояушылық... «Міне, біз жұмыс істеп жатырмыз, бәрін қатырдық» дейді. Негізі ақша бөлуді бір адам шешпеу керек. Мұндай мәселені көпшілікпен, мәслихатпен ақылдасып шешуі керек. Әкімдер одан да қай ауданның экономикасы нашар, қай аудан қаржыға қатты зәру, соны анықтап, ақшаны сол жаққа бөлуі керек емес пе?!. 2004 жылы 600 миллионға іске қосылды, 2008 жылы 800 миллионға қайта жөнделді, сонда бұдан кім ұтты, кім ұтылды?!. 

Шымкенттегі Спорт сарайының басында да осындай жағдай. 2004 жылы іске қосылды, 840 миллион теңге жұмсалды. Ашылуына Елбасының өзі қатысты. Қайтадан жөндеуге миллиардқа жуық ақша кетті. Мұндай қаржыға жаңадан салынған спорт сарайын қиратқанша мұз айдыны бар басқа ғимарат тұрғызуға болмайтын ба еді.  Қайта сол ақшаға 3 мектеп салуға болатын. Қазір бала-бақшалар жетпей жатыр. Мен ойлаймын, ақшаны бөлуде мәслихаттардың рөлі өте жоғары болуы керек. Қаржыны қалай бөлудің жоспарын жасау, тіпті арнайы бағдарламасын түзу әбден талдаудан, талқылаудан өтіп, сол қаржының қайда, қайтіп жұмсалғанын бақылау, қадағалау жағын мәслихат жауапкершілікпен қараса жергілікті шенеуніктер шектен шығатын әрекетке бара алмайды".

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: