Елімізге белгілі ақын Құрманай Бақтиярқызы Қайрат Нұртасқа жырларын ешқашан сатпаған болып шықты. Алайда, әншінің жанұясы талай хитты дүниеге әкелген ақыннан сый-құрметін аямайтын көрінеді деп хабарлайды "ХитТВ" арнасы.
Ақын Қайраттың ата-анасымен қатты сыйласатынын алға тартты.
"Мен Қайратыма ешқашан сатқан емеспін. Оның анасы-менің қатты сыйласатын адамым. Әкесін "папа" деймін, ол кісі "доча" дейді. Солай бірге араласып, сыйласып жүріп, қалай оны сатамын? Бірақ, өздері мерекелерде, туған күнімде сыйлықтарын беріп жатады ғой. Мысалы, әкемнің тойына келіп, Гүлзира брендті жүзік тағып кетті. Сыйлықтан кенде қылмайды",- деді ол.
Көптің көңілінен шыққан әндерге сөз жазған ақын қаламақысының қанша екенін де жасырмады.
"Құпия емес, мен барлық жерде айтып жүрмін. Енді бастап жатқандарға 200 доллар болса, сыйласып жүргендер 300 доллар береді. Үлкен компаниялар, үлкен продюсерліктегі ұжымдар болса, үш адамдық триолар мен квартеттерге 500 доллар. Менде әзірге 1000 доллар деген ақша жоқ",- деді Құрманай Бақтиярқызы.