“Халықтың сүйіктісі—2011»

Screenshot_6.png

Бүгін республикада «Халықтың сүйіктісі» деп аталатын сыйлықтың иегері анықталып жатыр.  17 қаңтарда Астанада осы атаққа лайықты адам салтанатты жиында марапатталатын болады.

«Халықтың сүйіктісі—2011» сыйлығын жарыққа шығарған «Республика-Аймақ—Даму» қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтұқ. Сыйлық иегері 2011 жылдың қорытындысы бойынша жыл бойы бұқаралық ақпарат құралдарына көп шығып, көпшіліктің көкейіне жылылық ұялатқан азаматтардың арасынан таңдалынып алынады.

Мұндай азаматтар саясаткерлер, эстрада жұлдыздары, спортшылар мен мемлекеттік қызметкерлер болуы мүмкін. Алғаш рет өткізіліп отырылған байқаудың сонымен бірге «Саяси-сәуегей», «Ақсақал-дана», «Респект-спортшы» номинациялары да бар.

Ал мұндай номинация иегерлерінің ішінде Мәжілістің соңғы шақырылымының депутаттары Бақыт Сыздықова, Ирак Елекеев, «Нұр Отан» партиясының стратегиялық даму жөніндегі хатшысы Ерлан Қарин, белгілі саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов бар көрінеді.

«Халықтың сүйіктісі—2011» сыйлығын тапсыру салтанаты кезінде көпшілікке Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Валерия Крестниковтың елдегі белгілі саяси тұлғаларға жасаған шарждарының көрмесі өтеді.


"Рейтинг" газеті №1, 6 қаңтар 2012 жыл


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: