Ұлттық мерекені ең мықты тойлайтын мемлекет - Франция

Screenshot_5.jpg

Францияның  ең үлкен ұлттық мерекелерінің бірі – Бастилия қамалын алу күні. Бұл күн мемлекеттің тәуелсіздікке деген  1789 жылғы Ұлы француз революциясы көтерілісшілердің осы Бастилия қамалын алудан басталған. 220 жылдық тарихы бар оқиғаны тойлау – патриоттықтың, сөз бостандығына деген құштарлықтың белгісі іспетті. 

Дегенмен, француздардың қанындағы революцияға деген құмарлық сол 1789 жылдан бері бір басылар емес.

 Ресми түрде барлығы үйреншікті сценарий бойынша жүреді: Елисей алаңдарында салтанатты түрде әскери  парад өтеді. Оны Франция президентінің өзі тік тұрып қабылдайды.  Әскери парад Эйфель мұнарасының маңындағы көпшілік іс-шараларға ұласады. Аспанда - фейерверк. 

Бірақ, бұл мейрамды Парижде  тойлаудың ресми бөлігі. Бұның алдында бейресми бөлім бар. Шілденің 13-нен 14-не қараған түні көшеге ағылған қарапайым халық дүкендерды талқандап, көліктерді қирата бастайды. Тәртіпсіздіктердің көкесі әсіресе кедейлер мен орта тап өкілдері көп шоғырланған  кварталдарда байқалады.  Қысқасы, азанға дейін жүздеген көлік өртеніп, біраз ғимарат бұзылады. Осылайша француздар мемлекетті басқарып отырған жоғары лауазымды азаматтарға, елде жүргізіліп отырған саясатқа, оның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілетін іс-шараларға деген қарсылығын білдіреді. Бұл тізімге тіпті Бастилия күнінің өзі де кіріп кетеді. Себебі, әскери парад өткізуге мемлекеттің қазынасынан қаражат бөлінеді. 

 Бұл жолғы «тойлаудың» шығыны алдыңғы жылдардан да асып түсті. Себеп – қаржы дағдарысы салдарынан жұмыссыздардың көбеюі. Олардың арасында әсіресе жастар көп. Осылайша, биылғы мейрамның қорытындысы мынадай: 317 көлік өртеніп, 240 адам тұтқындалды. 

Бұл үрдіске Францияда тек автокөлік өндірушілері қуанады. Себебі, өртенген көліктердің орнына су жаңа көліктерді сатып алуға тура келеді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: