Белгілі визажист енді ешқашан Еркемен бірге жұмыс істегісі келмейтінін айтты

Осыған дейін елімізге белгілі визажист Санди Бексырға Ерке Есмаханмен жұмыс істеудің өте қиын екенін айтқан еді. Енді халық еркесінің қыңыр мінезі туралы тағы бір бет әрлеуші тіл қатты. Бұл туралы Назерке Қазиева "Астана" телеарнасындағы "Ел аузында" бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Визажист Назерке Қазиеваның айтуынша, әнші қыздар бет күтімін жақсы жасайды. Алайда сахнада жүрген ерке жұлдыздардың мінездеріне төзіп, бер әрлеу жұмыстарын істеу қиын екен.

Бет әрлеуші солардың қатарында Ерке Есмаханмен жұмыс істегісі келмей қалғанын айтқан.

"Әншілердің мінезі әр түрлі. Оның бәріне көне білу керек. Осы түсірілімде Ерке Есмаханмен жұмыс істегім келмей қалды. Бірақ, басқа әншілермен жұмыс істегім келеді", -деді Назерке Қазиева.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: