Шымкент қаласында қабылданған «Жасыл қала» бағдарламасы нәтижелі жүзеге асырылуда

Oinet.kz 03-06-2023 227

Шымкент қаласында қабылданған «Жасыл қала» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Бұл ауқымды жоба мегаполистің инфрақұрылымын жақсарту мақсатында экологиялық мәселелерді кешенді түрде шешуге мүмкіндік беретіні анық.

Screenshot_37.jpg

Бағдарламаны жүзеге асыру тетіктері қала әкімі Мұрат Әйтенов пен Орталық Азия бойынша  «Еуропа қайта құру және даму банк» өкілдері бірлесе қатысып, бірлескен іс-шаралар жоспарын пысықтады.  Жобада жер, су ресурстарын тиімді пайдалану, ауаның ластануы, орталық жылу жүйесі, көлік кептелістері мен қалдықтарды залалсыздандыруға қатысты қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешудің инвестициялық жобалары мен іс-шаралары қарастырылған. 

- Консультанттардың халықаралық тәжірибесі бізге қаланы тұрақты дамытуда оңтайлы техникалық шешімдер мен ұсынымдарды қарастыруға мүмкіндік береді деп үміттенемін. Біз жоспар шеңберінде қаламызда қоғамдық көліктердің баламалы түрлерін енгізу, агломерациямен көлік мәселесін шешу, суару секторы, энергияны үнемдейтін сыртқы жарықтандыру, тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бағыттарын дамытуды көздеп отырмыз. Жоспарды жүзеге асыруға әкімдік құрылымындағы тиісті басқармалардан бөлек  азаматтық қоғам, бизнес, сарапшылар қауымдастығының өкілдері де белсенділік танытады деген сенімдемін, - деді қала әкімі.  

Айта кетейік, сонау 2018 жылы қабылданған «Жасыл қала» кешенді бағдарламасында көгалдандыру,  ауыл шаруашылығы белдеуін дамыту, әлемдік мегаполистер тәжірибесімен бау-саябақ мәдениетін құру мақсатындағы кешенді жоспарлар қарастырылған. Нәтижесінде соңғы бес жылда Шымқаладағы жасыл желек егілген аумақтар көбейіп, қала ішіндегі ауа тазалығын сақтауға сүбелі үлесін қосты. 

Шымкент қаласының сейсмикалық жағдайы пысықталды
Шымкент қаласында кәсіпкерлерге қолдау бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу