Шымкент қаласының сейсмикалық жағдайы пысықталды

Oinet.kz 18-05-2023 212

Шымкент қаласында өткен жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға барлық азаматтық қорғау қызметтері, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, химиялық қауіпті нысандар, ауруханалар, білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Төтенше жағдайды алдын алу шарасы кезінде мекемелердің дайындығы мен міндеті пысықталды. 

Screenshot_36.jpg

Ел қауіпсіздігі – басты міндеттің бірі. Президентіміз Жолдауында құрылыс саласына басымдық бере отырып, оның сапалы атқарылуына басымдық береді. Сол үшін де осы салада жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың жолын кесіп, қағазбастылықтан арылтуға мән берді. Сапасыз салынған құрылыстың салдары ауыр болары анық. Әрине оның алдын алу шараларына қашанда мән беріліп келеді. Осы ретте төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ауқымды оқу-жаттығу ұйымдастырылған еді.  

Шартты түрдегі табиғи апатқа байланысты жедел штаб құрылып, оның жұмысына қала әкімі Мұрат Әйтенов жетекшілік жасады. Шартты түрде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. 

- Кешенді шұғыл шаралар ең бастысы қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады. Төтенше жағдай зарбадын алдын алу мақсатында қазір қала аумағындағы ескі үйлерді сейсмикалық аудиттен өткізу жұмыстары қолға алынып отыр.  Зерделеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес, сүрілуге жататын ғимараттарды анықтайтын боламыз. Қажет болған жағдайда орнына жаңа тұрғын үйлердің құрылысын бастаймыз – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Жер сілкінісі салдарынан шартты түрде жартылай қираған мекенжайға өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 14 өрт сөндіру автокөлігі жеткізілді. Арнайы күштер шұғыл түрде барлау жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды эвакуациялады.  Тұрғын үйдің алтыншы қабатында шартты түрде шыққан өрт сөндіріліп, адамдар құтқарылды. 

Сейсмикалық жаттығулар күштік құрылымдардың дайындығын пысықтап, тұрғындардың зілзала кезінде іс-қимылдарын ширатуға, азаматтық қорғанысты күйшетуге мүмкіндік береді. 

Жалпықалалық сейсмикалық оқу жаттығу шаралары №65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының аумағында жалғасын тапты. Мұнда шартты түрде халықты қабылдау пунктінің қызметі ұымдастырылды. Жаттығу барысында қала бойынша құрылған 123 эвакуациялық пункттің  мекенжайлары арнайы  мобильді қолданбаларға орналастырылды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов сейсмикалық оқу жаттығу барысын қадағалап,  штаб жұмысын пысықтады. 

- Жалпы қала аумағы төтенше жағдайдың карталық сызбасы бойынша 36 секторға бөлінген. Орталық штабтың барлық бөлімдермен тығыз байланыста болуы, резервтегі көмектерді шұғыл әрі тиімді пайдалануы маңызды. Қаланың әрбір мектебінде қабылдау пунктері іске қосылады. Әр ауданда арнайы штаб құрылады, - деді қала әкімі.

Төтенше жағдай кезіндегі арнайы операциялар Ипподром аумағында көрсетілді. Онда шатырлы лагерь, далалық ас үй, тамақтану және азық-түлікпен қамтамасыз ету пункттері орналастырылған.

Бүгінгі іс-шараға 65 жеке құрам, жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы, өрт сөндіру қызметінің 16 арнайы техникасы, 10 жедел жәрдем көлігі жұмылдырылды.  Сондай-ақ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан 7 қоғамдық автобус тартылды. Сонымен қатар 21 қалалық азаматтық қорғау қызметі қатысып, дайындықтарын пысықтады. 

Шымкент қаласындағы Тұран-2 шағынауданданы құрылыс алаңына айналған
Шымкент қаласында қабылданған «Жасыл қала» бағдарламасы нәтижелі жүзеге асырылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу