Шымкент қаласындағы Тұран-2 шағынауданданы құрылыс алаңына айналған

Oinet.kz 18-05-2023 189

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында қала құрылысы жұмыстары жанданып келеді. Соның ішінде Тұран ауданында да салынып жатқан биік, еңселі тұрғын үйлер күн санап көбейе түскен. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Тұран-2 шағын аудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік-инфрақұрылым жұмыстарымен танысты, атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарына жақсы баға берді. 

Screenshot_35.jpg

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та Жолдауында құрылыс саласы елімізде маңызды орынға ие екенін айта келіп, «Бүгінде Қазақстандағы сәулет-құрылыс қызметін реттейтін 2,5 мыңнан астам құжат бар. Бұл жүйе әбден қағазбастылыққа көмілген. Жемқорлық аз емес. Ескі құрылыс стандарттары мен нормалары әлі де қолданылады. Сондықтан, Үкіметке мүлдем жаңа құжат – Қала құрылысы кодексін қабылдауды тапсырамын. Әрбір қаланың жер телімдері мен коммуналдық желілердің схемасы көрсетілген функционалды интерактивті картасын жасау керек. Жер кадастрында өнеркәсіптік мақсатқа арналған жер телімдерінің картасын қолданыстағы көлік және коммуникация инфрақұрылымының схемаларымен толықтырып отыру қажет» дей келіп, осы саладағы кейбір кедергілерді жоя отырып, тұрғын үй мәселесін алдыңғы орынға шығарады. 

- Қазіргі таңда Тұран-2 елдімекенінде 1112 пәтерлі 18 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Былтыр осы аумаққа жылу, су, кәріз және электр жүйесі тартылған болатын. Қазір мұнда ішкі орамды тегістеу, абаттандыру, аяқжол және асфальт төсеу жұмыстары қолға алынды. Сонымен қатар шағын ауданның 25,26 орамдарына инженерлік инфрақұрылым желілері тартылуда. Нысандарды толық қолданысқа беру биыл екінші жартыжылдыққа жоспарланған, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Осында қала әкімі құрылыс схемасында көрсетілген кестедегі Бозарық елдімекені бойынша жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен де танысқан болатын. Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетовтың айтуынша, шағынауданда мемлекеттік бюджет есебінен 49 тұрғын үй бой көтерген. Алдағы уақытта аталған аумақта 9 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр екен. Қала әкімі шағын ауданның даму жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстарды қадағалап, мердігер мекемелердің жұмыс кестесін де назарға алды.

- График бекітілген, талап бар! Әкімдік тарапынан уақытылы қаражат жіберу жағы шешілген. Тек өздеріңіз қол қойған кестеге сай жұмыс істеу керек! – деген қала әкімі басқарма басшыларына тұрғындарды баспанамен қамту мақсатындағы жұмыстарды сапалы, әрі жұмыс кестесіне сәйкес аяқтауды тапсырды. 

Бұдан бөлек, Тұран ауданы аумағындағы Құрсай елдімекенін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстарының 2-кезеңі жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары  2021 жылы басталған нысанның бүгінге дейін ұзындығы 151 шақырымды құрайтын су құбырының 92 пайызы атқарылған.  

Биылғы маусым айында қолданысқа берілетін нысан шағынаудандағы 22 мыңнан астам абонентті таза ауыз сумен қамтуға мүмкіндік бермек. Бүгінгі таңда ауданды ауыз сумен қамту көрсеткіші 99,5 пайызды құрап отыр.  

Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриялық экономикалық аймағы жанданып келеді
Шымкент қаласының сейсмикалық жағдайы пысықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу