Шымкент қаласында жаңа өңірлік бағдарлама қабылданды

Oinet.kz 18-05-2023 236

Шымкент қаласында қала билігінің бастамасымен «Qamqor» өңірлік бағдарламасы әзірленді. Бұл бағдарламаның жүзеге асырылуына «Отбасы банкі» қолдау көрсетіп отыр. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтен сұрап-білген едік:

Screenshot_18.jpg

- Бұл бағдарламаның жастарға берер мүмкіндігі зор болмақ. Қазірдің өзінде ол бағдарламаға қызығушылық танытып отырған адам қарасы көп. Біздің өңірлік бағдарламаға қолдау білдірген «Отбасы банкі» акционерлік қоғамының басшылығына алғысымыз шексіз. Бағдарламаның алғашқы кезеңінде 150 адам жеңілдетілген несиемен қамтылады. Ол үшін жергілікті бюджеттен үш миллиард теңге қаралған, - дейді ол. 

Бұл бірінші кезекте тұрғын үй кезегіне тұруға жатпайтын, баспанасы жоқ азаматтарға зор мүмкіндік бермек. Ал несиенің жылдық мөлшерлеме 5 пайызды құрайды. Құйылатын алғашқы жарнасы 10 пайыз болса, берілу мерзімі 20 жыл. 

Бұл жаңа идеяны жүзеге асыру үшін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен «Отбасы банк» акционерлік қоғамының төрайымы Ляззат Ибрагимова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Екі жақты меморандум негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, энергетика және бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жеңілдетілген несие беру мақсатында «Qamqor» өңірлік бағдарламасы әзірленді.

- Біз билік бастамаларын қашанда қолдауға дайынбыз. Олардың ұсынып отырған өңірлік бағдарламасы тұрғын үй кезегіне тұра алмайтын санаттағы азаматтарға арналған. Біз әрбір өңір азаматының баспаналы болып, өз отбасының түтінін түтетуіне ниеттіміз. Сол үшін де осы жобаны мақұлдап, қала билігімен бірлесе жұмыс істегелі отырмыз, - дейді «Отбасы банк» акционерлік қоғамының төрайымы Ляззат Ибрагимова

Таза ауызсу мен жарықтың игілігін көретін күн жақын
Дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған сырқатты аман алып қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу