Таза ауызсу мен жарықтың игілігін көретін күн жақын

Oinet.kz 03-06-2023 391

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданының тұрғындарымен кездесті. Халықпен кездесуде қала әкімі жоспарға сәйкес 257 мыңнан астам халқы бар аудан жыл соңына дейін таза ауызсумен, электр желісімен толық қамтылатындығын айтты.  Ал газдандыру жұмыстары келесі жылы аяқталып, тұрғындар 100 пайыз табиғи отынға қосылатындығын да айтып өтті.

Screenshot_17.jpg

- Абай ауданында 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 білім ғимараты салынады деп жоспарлап отырмыз. Биыл 4 мектеп Нұршуақ, Жаңатұрлан, Бозарық шағынаудандарында бой көтерсе, 2025 жылға дейін заманауи білім ошақтары Асар -2, Шымкент Сити, Достық елдімекендерінен салынатын болады. Сондай-ақ биыл аудан аумағында шағал тас төселген, орташа жөндеуден өткен 60 көше пайдалануға беріледі, - деді Мұрат Әйтенов. 

Халық қауіпсіздігі де әрқашан басты назардағы мәселе. Биыл жоспарға енгізілген көшелер жарықтандырылып, белгіленген аумақтарға 250 бейнебақылау қондырғысы орнатылмақ екен. Кездесу барысында тұрғындар көкейде жүрген ойларын ортаға салды. Халық тарапынан көтерілген сауалдар аясында оң шешімін тауып отырған мәселелер де жоқ емес. Мәселен, «Халық қатысатын бюджет» шеңберінде тұрғындардың талап-тілектері ескеріліп, 15 әмбебап балалар алаңшасы, 3 спорт алаңша салынатын болды.  Бұл бірқатар тұрғын үй аулаларының мәселелерін шешпек.  300-ге жуық тұрғын қатысқан есептік жиында коммуналдық, әлеуметтік салаларға қатысты түрлі сұрақтар қойылды. Жауаптылар халықтың барлық талап-тілектерін назарға алып, тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді. 

Мұрат Дүйсенбекұлы аудан әкімі мен сала басшыларына азаматтармен дер кезінде кері байланыс жасап, бірлесе тығыз жұмыс істеуге шақырды. Жиын соңынан аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдау өткізді.

Алдағы үш жылда аулалар толық абаттандырылмақ
Шымкент қаласында жаңа өңірлік бағдарлама қабылданды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу