Шымкент қаласындағы цемент зауытыңың мүмкіндігі мол

Oinet.kz 18-05-2023 331

Жуырда Шымкентте қаласында табысты жұмыс істеп жатқан  «САУТС-ОЙЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылғанына 20 жыл толған мерей тойын атап өткен болатын. Жалпы өндіріс ошағы қаланың экономикалық дамуына зор үлес қосып отыр. Зауыт ғимаратында ұйымдастырылған көмірсутектерді барлау және өндіру перспективаларына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияға шаһар басшысы Мұрат Әйтеновте қатысқан болатын. 

Screenshot_14.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында қойылып отырған бағыттың бірі – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту, оны кеңейту, елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайызға жеткізу. Жалпы облыста қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Соның бірі «САУТС-ОЙЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және оған қарасты зауыттардың жүргізіп отырған жұмыстарынан аңғару қиын емес. 

Серіктестіктің мұнай-газ саласының мүмкіндіктері мен болашағы талқыланған іс-шараға қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов олардың шаһар экономикасының дамуында қосып отырған үлесі мен республикалық маңызы бар ауқымды жобаларды іске асырып отырған кәсіпорын ұжымының жұмысын ерекше атап өтті.  

- «САУТС-ОЙЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаламыздағы әлеуметтік мәселелерді шешуге, халықтың өмір сапасын жақсартуға, мәдениет, әдебиет, өнер, спорт пен ғылымды қолдауға барынша атсалысып келеді. Компанияның қолдауымен қалада заманауи көпфункционалды университеттік аурухана салынуда. 800 төсектік аурухана мен бір ауысымда 700 науқасты қабылдайтын емхана мегаполистің денсаулық сақтау саласын жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз. Алдағы уақытта да бізбен тығыз байланыста халықтың жағдайын жақсартудағы ізгі істерді жалғастыра беретін боламыз, - дйеді қала әкімі. 

Зауыт алаңында өткен конференцияда сарапшылар көмірсутектерді барлау перспективаларына тоқталып, мұнай-газ әлеуетінің болашағы 

болашағы үшін маңызды сейсмикалық мәліметтерді талқылаған болатын. 

20 жылдық тарихы бар компания мұнай және газ өндірудің барлық бағытын қамтып, өндірілуї қиын қорларды игерудің инновациялық әдісін әзірлеп, қолданысқа енгізеді. «SOUTH OIL» компаниясының жаңа нысандарында 9 мыңға жуық адам тұрақты жұмысқа орналасқан. 

Сондай-ақ бұл компанияға тиесілі қаладағы «Стандарт Цемент» зауытының жылдық  қуаттылығы 1 миллион тоннаны құрайды. Жалпы Түркістан облысын цементпен қамтып отырған облыстағы ірі өндіріс ошағы саналады. Онда бүгінгі таңда 800 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын отандық нарықты сапалы цементпен қамтумен шектелмей, қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау бағытындағы тың жобаларымен де ерекшеленеді.

Шымкент қаласында 65 жанұя қоныс тойын тойлады
Шымкент қаласында көкөніс бағасы тұрақты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу