Шымкент қаласында көкөніс бағасы тұрақты

Oinet.kz 18-05-2023 203

Шымкент қаласында ғана емес, елімізде нарық бағамының бақылаудан шығып кеткені қашан. Ол ең алдымен қарапайым халықтың қалтасына салмақ салуда. Жалақысы мардымсыз, күндері бір айлыққа қарап отырған жұрт амалдап күн кешуде.

Screenshot_15.jpg

Халықтың бұл жағдайынан хабардар кәсіпкерлер сонда да нарық бағамын негізсіз жоғарлатуын қояр емес. Әсіресе мереке күндері баға біраз шарықтап кетеді де, одан кейін сәл түскен болады. Соның өзінде алдыңғы айларға қарағанда бағаның бірнеше теңгеге жоғарылап кеткені аңғарылады.

Мұндай жағдай өндірісі мен агроқұрылымы жолға қойылған Шымкент қаласындағы сауда орындарынан да байқалады. Қала аумағында жүздеген жылыжайлар мен өндіріс ошақтары жұмыс істеп, өнімін шаһардағы сауда нүктелерімен қатар экспортқа шығаруда. 

Мемлекет басшысының тапсырмасымен кейбір өңірлерде жүзеге асырылған «Алқаптан сөреге» жобасы Шымкент қаласында да өз жалғасын тауып отыр. Қала басшылығы жеке шаруа қожалықтармен өңірдегі нарық бағамын тұрақтандыру мақсатында келісім-шарт жасасып, олардың өнімін сауда орталықтарына делдалсыз жеткізу жүйесін қалыптастыруда.  

Осы баға саясатын, әсіресе көкөніс бағасын ұстап тұру үшін қала әкімдігі тың жобаны қолға алып отыр. Атап айтсақ, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен өңірдегі ішкі нарықта көкөніс бағасын ұстап тұру мақсатында шаруа қожалықтармен форвардтық келісім-шарттар жасалуда. Осыған орай Шымкент қаласы әкімдігі мен «Колесников», «Сейдахметов» секілді ірі шаруа қожалықтары арасында бірқатар келісім-шарттар түзілді. Мәселен, «Колесников» шаруа қожалығы 120 гектар жерге ерте пісетін картоп сортын егіп, 1000 тоннадан астам көкөніс алуды жоспарлауда.  

«Келісім шартта көрсетілген келісімге сәйкес шаруа қожалық өткен айда өнімдерінің жоғарылауына жол берген жоқ. Бұл айда да баға тұрақтылығы сақталуда» дейді қала әкімі.

Қазір таңда «Колесников» шаруа қожалығының қоймасында 300 тонна картоп, 150 тонна сәбіз қоры сақтаулы тұр. Қожалық алдағы уақытта көкөніс өнімдерін ұлғайтуды жоспарлауда. 

Сондай-ақ келісім шарт негізінде шаруашылық осы айда 1600 тонна картоп, 1100 тонна сәбіз, 1000 тонна пияз, 1100 тонна қырыққабат бекітілген сауда орындары арқылы белгіленген бағада өткеруін жалғастыруда. 

Жалпы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен көкөністер бағасын бірқалыпты ұстап тұру мақсатында қала әкімдігі алдағы уақытта кәсіпкерлермен бірге арнайы келісім шарт түзуді жалғастыра бермек. 

Шымкент қаласындағы цемент зауытыңың мүмкіндігі мол
Алдағы үш жылда аулалар толық абаттандырылмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу