Шымкент қаласының әкімі Тайланд елшісімен кездесті

Oinet.kz 18-05-2023 210

Шымкент қаласының географиялық орналасуы инвесторларды тарту, кәсіпкерлікті дамытуға ыңғайлы аймақтың бірі болып табылады. Өйткені «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автомобиль жолы бойында, қала берді Өзбекстан  республикасымен, Жамбыл және Түркістан облысымен шектесетін аймақ болғандықтан ел және шетел инвесторларын қатты қызықтыратыны белгілі.

Screenshot_3.jpg

Дегенмен, бүгінгі таңда шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жоғарылауына, халықтың әлеуметтік тұрмыс сапасының жақсаруына елімізде жүзеге асырылып жатқан тың жобалар мен бағдарламалардың үлесі зор.

Осы жобалар мен бағдарламалардың жүзеге асырылуына қызығушылық танытып отырған шетелдіктер де аз емес. Мәселен, жуырда н Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өңірге инвестиция салуға ниетті Таиланд Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Чатчаван Сакорнсинмен кездесті. Тараптар ортақ қатынастарды дамыту үшін бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру тетіктерін талқылады. Екі елдің инвестициялық әлеуеті бойынша ақпарат алмасып, достық қатынастарды нығайтудағы іс-шараларды жүйелі ұйымдастыруды қарастырды.

Жалпы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында республикамыз Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында еліміз шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын экономика құруға бейімделуі керектігін тапсырған еді. Осындай мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін мемлекеттік бағдарламалар Шымкент қаласының әлеуетін арттыруға өз септігін тигізуде. Ұсынылған бағдарламалар мен жобалардың тиімді жүзеге асырылуының нәтижесінде шаһардың әл-ауқаты артып, халықтың тұрмыс-тіршілігі түзеліп келеді.

- Қаламыздың Орталық Азияда инвестициялар, технологиялар мен зияткерлік ресурстарды тартуда мүмкіндігі зор. Біз шетелдік инвесторларды тарту мақсатында қала аумағында өнеркәсіп алаңдарын құруға ерекше назар аударып келеміз. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында біз Тай капиталының қатысуымен жобаларды жүзеге асыруды сүйемелдеуге дайынбыз – деді қала әкімі.

Қазақстан-Таиланд арасындағы дипломатиялық қатынастар ел тәуелсіздігін алған жылдардан басталған. Ынтымақтастық көрсеткіштерінің бірі - қалалар арасында тығыз байланыс орнату болып табылады. Таиландтың әлемге әйгілі туристік бағыты Паттайя мен Шымкент бауырлас қалалар.

Шымкентте 227 инвестициялық жоба іске асырылмақ
Шымкент қаласындағы №30 бағыт 12 жаңа автобуспен толықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу