«Dala Battle» әскери-патриоттық іс-шарасы жалғасын тапты

Oinet.kz 04-05-2023 186

7 мамар - Отан қорғаушылар күніне орай, Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Индустриялды-техникалық колледж ғимаратында №75, №29, №49 және №3 білім беру мекемелерінің жастары арасында «Dala battle» әскери-патриоттық іс-шара өтті.

IMG-20230504-WA0001.jpg

Мақсаты - оқушылардың дене даярлығын, спорттық шеберліктерін арттыру және  патриотизмге баулу болып табылады.

Іс-шара барысында сала қызметкерлері жастарға техникалық қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, «Dala battle» әскери-патриоттық іс-шарасының ережелерін түсіндірді. Сайыс түрінде өткен іс-шара 3 кезеңді қамтыды. 

  • 1 кезең - мектеп оқушылары арасында 100метр қашықтыққа жүгіру;

  • 2 кезең -  белгіленген уақыт көлемінде автомат құралдарын, шашып жинақтау;

  • 3 кезең - алғашқы жәрдем көрсету бойынша жүргізілді.

Сайыс нәтижесі бойынша, жүлделі орын нәтижесі төмендегідей:

Бас жүлде - №49 мектеп

l орын - №29 мектеп

II орын - №75 мектеп

III орын - №3 мектеп жастары орын алып, арнайы кубок, алғыс хаттармен марапатталды.

Шымкентте street art стилінде жаңа мурал салынды
Ер есімі — ел есінде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу