Шымкентте street art стилінде жаңа мурал салынды

Oinet.kz 04-05-2023 162

Шымкентте  тұрғын үйлердің қабырғасын әдемі суретпен әрлеу сәнге айналып келеді.

IMG-20230503-WA0063.jpg

Осыған дейін қаладағы бірқатар тұрғын үйдің сыртында ерекше муралдар көрініс тапқан болатын. Бүгін қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы мен Kazakh Tourism ұлттық компаниясы креативті индустриялар салаларын белсенді дамыту мақсатында street art стилінде тағы бір жаңа муралдың таныстырылымы өтті. Түркістан көшесіндегі тұрғын үйге муралды салуға JUSAN  банк демеушілік көрсеткен.

– Шымкенттің басқа аймақтардан айырмашылығы – қаламыз жасыл, адамдары ашық-жарқын әрі қонақжай. Сондықтан Repas стрит-арт өнерімен айналысатын командамен бірлесіп, осындай түрлі-түсті мурал сыйлауды шештік. Республикалық жобаны Шымкент қаласынан бастадық. Бұл жобаны еліміздің басқа да қалаларында іске асыру жоспарда бар. Мақсатымыз – елеусіз қалған ескі үйлердің аулаларына халықтың көңілін бөлу, тазалыққа шақыру, - дейді JUSAN банк Шымкент филиалының директоры Қуаныш Ұласбеков. 

Банк басшысы өзге де кәсіпкерлерді осындай игі іске ұйытқы болуға шақырды. Жылқы бейнеленген муралға үйдің тұрғындары да риза. Олар мурал маңында суретке түсушілер көбейіп, ауламыз көңілді әрі сәнді бола түсті дейді.

Шымкентте жаңа медициналық сауықтыру орталығы ашылды
«Dala Battle» әскери-патриоттық іс-шарасы жалғасын тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу