Ер есімі — ел есінде
9 мамыр — Жеңіс күні қарсаңында игі іске атсалысыңыз. Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлігімен есте қалған майдангерлердің ұрпақтары batyrlargatagzym.el.kz сайтына соғыс ардагерлері жайлы мәліметтерді, фотосуреттерді жүктеп, сақтай алады.
Ол үшін https://batyrlargatagzym.el.kz/forma/ сілтемесіне өтіп, тиісті сұрақтарға жауап бересіз. Сондай-ақ, майдангердің фотосын жүктеп, ол жайлы қысқаша өмірдерегін ұсына аласыз.
«Жеңімпаздар» жобасы 2014 жылы бастау алған. Осы уақыт аралығында мұнда 3,5 мыңнан астам ҰОС және тыл ардагерлері жайлы мағлұмат жинақталған.
Сұрапыл соғыста Отан үшін от кешкен ардагерлеріміздің есімі мәңгі ел есінде. Ал, бұл сайт ардагерлер жайлы мағлұматтардың жаңғыруына сеп болады.