Төлеби ауданындағы «Жансая» бөбекжай-бақшасының мемлекеттік сатып алуында кемшіліктер анықталды

Oinet.kz 31-03-2026

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу саласына кезекті камералдық бақылау жүргізді.

Тексеру барысында Төлеби ауданының білім бөлімінің «Жансая» бөбекжай-бақшасы» МКҚК 2026 жылдың қаңтар айында мемлекеттік сатып алу веб-порталында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жариялаған №15971592-1 сатып алу рәсімі қаралды.

Камералдық бақылау нәтижесінде техникалық ерекшелікте сатып алынатын тауарларға қатысты ақпарат толық көрсетілмегені анықталды. Атап айтқанда, жеткізілетін тауарлардың техникалық регламенттерге және стандарттарға сәйкестігін растайтын құжаттар туралы талаптар орындалмаған.

Заңнамаға сәйкес, тапсырыс берушілер баға ұсыныстарын сұрату рәсімінде техникалық ерекшелікті әзірлеу кезінде барлық қажетті стандарттарды көрсетуге міндетті. Бұл талаптар сатып алынатын тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Анықталған кемшіліктерді жою үшін мекемеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарына сәйкестендіру жөнінде хабарлама жолданды.

Қазіргі таңда мекеме департаменттің хабарламасын толық орындап, қажетті түзетулерді енгізген.

Мұндай бақылау шаралары мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын арттыруға және заңбұзушылықтардың алдын алатынына назар аудар

В Мақтааральской районной больнице выявлены нарушения в сфере государственных закупок
В детском саду «Жансая» Тюлебинского района выявлены нарушения в проведении государственных закупок
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу