Ордабасы ауданында мемлекеттік сатып алуда заңбұзушылық анықталды
ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу саласына кезекті камералдық бақылау жүргізді.
Тексеру барысында «Ордабасы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылдың қаңтар айында мемлекеттік сатып алу веб-порталында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жариялаған №16067353-1 сатып алу рәсімі қаралды.
Камералдық бақылау нәтижесінде сатып алу құжаттамасында қолданыстағы қағидалардың талаптары сақталмағаны анықталды. Атап айтқанда, техникалық ерекшелікте сатып алынатын тауарларға қатысты ұлттық немесе мемлекетаралық стандарттар көрсетілмеген.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тапсырыс берушілер техникалық ерекшелікті әзірлеу кезінде міндетті түрде ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттарды көрсетуі тиіс. Бұл талаптар сатып алынатын тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Анықталған бұзушылықтар негізінде аталған мекемеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарына сәйкестендіру жөнінде хабарлама жолданды.
Қазіргі таңда департаменттің хабарламасы толық көлемде орындалып, анықталған кемшіліктер жойылған.


