«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Ұлы дала» байқауы басталды

Oinet.kz 09-10-2024 805

«AMANAT» партиясы дәстүрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауының басталғанын хабарлайды. Биыл әдеби конкурс көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында өтеді. 

Screenshot_10.jpg

Партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында Жазушылар одағымен бірлесіп өткізіп келе жатқан «Ұлы Дала» республикалық шығармашылық байқауы осымен бесінші мәрте ұйымдастырылуда.

Шығармашылық доданың басты мақсаты – ұлттық болмысты, рухани құндылықтарды паш ететін, креативті идеяларға ие жас қаламгерлерге, отандық авторларға қолдау көрсету және шығармаларын насихаттау. Сонымен қатар, балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларындағы тағылымды ойлар мен ескірмес образдарды өскелең ұрпаққа дәріптеу. 

Байқауға үміткерлер                                           

    ✅«Проза», 

    ✅«Поэзия»,                     

    ✅«Драматургия»,

    ✅«Әдеби сын» және

    ✅«Балаларға арналған шығарма» номинациялары бойынша қатыса алады. 

Бұдан бөлек, байқауда «Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы» және «Алаш аманаты» арнайы жүлделері де қарастырылған. Сонымен қатар, Алаш қайраткерлері І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, Б. Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Үш бәйтерек» арнайы жүлдесі тағайындалып отыр. 

Қатысушыларға қойылатын барлық талап пен байқау шарты белгіленген ереже мәтіні бүгін БАҚ-тарда, партияның ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады. 

Шығармалар бүгін, яғни 1 тамыздан бастап, 30 қазанға дейін қабылданады. Ережеге сай еліміздің барлық өңіріндегі партияның аймақтық филиалдарында ұйымдастыру комитеттері құрылды. Әрбір аймақтық ұйымдастыру комитеттерінде байқауға қатысушылардан шығармаларды қабылдап алатын арнайы электронды мекенжайлар ашылды.

Осыған орай, келіп түскен шығармаларды аймақтардағы ұйымдастыру комитеттері ереженің талаптарына сәйкес тексеріп, партияның Орталық аппаратында құрылған Республикалық ұйымдастыру комитетіне жолдайды. Өз кезегінде аймақтардан келіп түскен шығармаларды Республикалық ұйымдастыру комитеті тексерістен өткізіп, арнайы бүркеншік есіммен https://aikyn.kz сайтынан ашылған «Ұлы дала» байқауы айдарында күнделікті жариялап отырады. Қызығушылық танытқан кез келген оқырман шығармалармен сол жерден таныса алады.

Айта кетейік, байқауға 20-45 жас аралығындағы авторлар қатыса алады. Келіп түскен жұмыстарды байқау комиссиясы 1-15 қараша аралығында қарайды. Байқау нәтижесі «Тәуелсіздік күні» қарсаңында қорытындыланып, салтанатты марапаттау шарасы Астана қаласында өтеді.

Еске сала кетейік, «Ұлы дала» байқауы былтыр Алаш қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы – Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған болатын. 

Байқау бойынша толық ақпарат: https://drive.google.com/drive/folders/1bnDuz_Awkob9zHOFeF8OZXhyqIvUPTfq?usp=drive_link

Жүктеу: Ереже.docx, Эл.пошта.docx

Screenshot_11.jpg

Облыстық "Мерейлі отбасы" байқауының жеңімпаздары дауыс берді
Түркістан облысында кәсіподақ тарапынан қызметкерлердің құқығы қорғалуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу