Облыстық "Мерейлі отбасы" байқауының жеңімпаздары дауыс берді

Oinet.kz 07-10-2024 463

Мерейлі отбасы облыстық байқауының  І орын иегері Меңлібаевтар отбасы референдумға келіп, өз таңдауларын жасады.

1000233945.jpg

Олар Сарыағаш ауданындағы №682 дауыс беру учаскесіне барып таңдауларын жасады. Отағасы Есіркеп Меңлібаев 74 жаста. Ал жұбайы Орынкүл Меңлібаева зейнеткер, «Алтын алқа» иегері. Үлгілі отбасы 3 ұл, 4 қыз, 22 немере, 11 шөбере тәрбиелеп отыр.

Айта кетсек, Түркістан облысында 1 млн 180 мыңнан астам адам дауыс беруге құқылы. Өңірде 17 аудан-қала бойынша 945 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр.  

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Ұлы дала» байқауы басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу