Сайрам: Қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізілді

Oinet.kz 04-09-2024 393

59.jpg 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменттің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында іс-шара жоспарына сәйкес, Сайрам ауданы әкімі аппаратының «Ұйымдастыру-инспекторлық, ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі» бөлімшесінің бас маманы Макпал Джакупбекова Сайрам ауданына қарасты «Қарамұрт» ауылдық окургі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғамдық бақылау барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен анық ақпараттың болуы, ғимараттың кіреберісіндегі ішкі жағдайлармен, ауыл тұрғындарына қызмет алу үшін арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жасақталғандығы, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайлардың болуы, арнайы шақырту батырмасы, пандус орнатылғандығы оларға көрсетілетін қызмет сапасына қатысты мәселелер талқыланды. Бөлім ғимаратына кіріп-шығуына, дабыл батырмаларының жұмыс істеуі тексеріліп, бірқатар ұсыныстар айтылды.

Бақылау нәтижесінде қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тиісті ұсыныстар берілді. Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.


Сайрам: Әкім жеке қабылдау өткізді
Сайрам: Мал базарына рейд ұйымдастырылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу