Сайрам: Мал базарына рейд ұйымдастырылады

Oinet.kz 04-09-2024 375

 577bdc6c-babb-4347-bfed-94e568bb2045.jpeg

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Сайрам ауданындағы ірі мал бордақылау алаңдарын ашу, ветеринария саласындағы, жұмыстарды ретке келтіру, тағам қауіпсіздігін сақтау бойынша арнайы жиын өткен болатын. Аталған жиында аудан әкімі Арман Сәбитов бұл бағытта аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, маңызды мәселелерді ортаға салды.

Жиынға жауапты сала басшылары мен құзырлы орган өкілдері қатысып, мәселені жан-жақты талқылады.

Жиналыстың қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмалар беріліп, тиісті басшыларға жұмыстар жүктелді. Сонымен қатар, маңызды мәселедегі жұмыстарды ретке келтіру бойынша жұмыс тобы құрылды.

Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелендіру мақсатында аудан әкімі Арман Сәбитұлының төрағалығымен жұмыс тобының мүшелері және жауапты сала басшыларының қатысуымен жиналыс ұйымдастырылды.

Мақсат - облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасының орындалу барысы. Қазіргі таңда Қарабұлақ, Көлкент, Арыс ауылдық округтеріне мал қозғалысын қадағалайтын 6 бекет қойылды. Бекетте ұрланған малдардың базарға кірмеуін бақылау, базарға келетін малдардың сырғаланғанын тексеру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, заңсыз жұмыс істеп жатқан мал сою бекеттерінің жұмысын тоқтату назарға алынады. Себебі, сойылатын малдарға форма N1, форма N2 құжаттарының негізсіз берілуі және лабораторияларда жалған құжаттар беру айғақтары тіркелуде. Осындай жұмыстардың нәтижесінде тұрғындарға сапалы әрі қауіпсіз ет өнімін жеткізу мәселесі жолға қойылатын болады.

Сонымен қатар, аудан басшысы А.Сәбитұлы арнайы орнатылған бекеттерді аралап, жұмыс барысымен танысты. Және де алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Алдағы уақытта бекеттер тәулік бойы тұрақты жұмыс істеп, көліктер жіті бақылауға алынбақ. Сондай-ақ, Қарабұлақ ауылындағы аптаның әр сәрсенбі күні болатын мал базарға да рейд жұмыстары ұйымдастырылатын болады.


Сайрам: Қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізілді
Сайрам: Қаржыны тиімді игеру мәселесі талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу