Сайрам: Әкім жеке қабылдау өткізді
Қазіргі таңда азаматтар жергілікті биліктің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында қоғамдық қабылдауға қатысуды қалыпты үрдіске айналдырды.
Осы орайда, олардың тарапынан туындаған түйткілді мәселелерді тиімді шешу мақсатында Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов жеке қабылдау өткізді. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қабылдауға қатысқан тұрғындар жол құрылыс жұмыстарын жүргізу, жер телімінің санатын және нысаналы мақсатын өзгерту, тұрғын үй салуға тиесілі жер телімін алу секілді мәселелер қозғалды.
Жеке қабылдау барысында Көлкент ауылдық округі тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мәселесі бойынша аудан басщысы жыл соңына қамту жұмыстары қарастырылатынын жеткізді.
Бұдан бөлек, тағы бір тұрғын Көлкент ауыл округіндегі Ғ.Мұратбаев, Ел Тұтқа, Жантақсай, Пахтазарибдар, Айшуақ және Рүстемов көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша өтінішін білдірді. Бұл бойынша тиісті бөлім тарапынан сметалық құжаттама әзірленіп, аталған жолдардың құрылыс жұмыстарына «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен қажетті қаржы қаралғанын, жол құрылыс жұмыстары 2024-2025 жылдарға өтпелі екенін жеткізді.
Ал, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер телімінің санаты мен нысаналы мақсатын өзгертіп, оның орнына заманауи түйіршіктелген резеңке үгінділерін өндіру зауытының құрылысын жүргізу үшін Түркістан облысының жер қатынастары басқармасына жүгінуі қажеттігін айтты.
Сондай-ақ, Қарасу ауылдық округінде тұрғын үй салу үшін жер телімін сұраған тұрғынға қазіргі таңда бос жер телімдері қарастырылмағанын заң шеңберінде түсіндірді.
Жеке қабылдауда көтерілген сұрақтардың барлығы бақылауға алынып, хаттамаға енгізілді.