Түркістанда 15 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Oinet.kz 04-09-2024 252

56.jpg 

Түркістанда «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында №11-ші көшенің бойындағы «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Тұрғын үй кешенінде жалпы 5 қабатты 24 үй тұрғызу жоспарланған. Биыл 5 қабатты 15 үйдің құрылысы аяқталып, 1314 пәтер кезекте тұрған азаматтарға пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Қалған 5 қабатты 9 үйдің құрылысы 2025 жылы аяқталады деп күтілуде. Онда 766 пәтер бар.

Аталған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуы, облыстық құрылыс басқармасының мамандары тарапынан қатаң бақылауға алынған. Мердігер мекемелер қатарында «Корпорация Бастау» ЖШС, «ЕвроРемонтСервис» ЖШС, «Жаңа арна құрылыс» ЖШС, «Symkent Build» ЖШС, «PANA QURYLYS GROUP» ЖШС, «ОТАР ҚҰРЫЛЫС» ЖШС, «Integra construction KZ» ЖШС бар. Ал авторлық қадағалаушы – «Mataibekov Architects» ЖШС.

Айта кетейік, өңірде биыл жалпы 224 тұрғын үй (2 469 пәтер) құрылысы жүргізіліп жатыр. Олардың басым бөлігі – көпқабатты тұрғын үйлер.

 


Шардара: Шаруалар күнбағысты тамшылатып суару әдісімен өсіруде
Түркістан: Жаңа оқу жылында 21 мектеп ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу