Шардара: Шаруалар күнбағысты тамшылатып суару әдісімен өсіруде

Oinet.kz 04-09-2024 224

55.jpg 

Шардара ауданындағы Жаушықұм ауылында тамшылатып суару әдісімен 370 гектар жерге күнбағыс еккен. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

 «ИІРЖАРАГРО» ЖШС шаруа қожалығы қазіргі таңда жиын-терімді бастады. Қожалық түркиялық инвесторлармен бірге 500 гектар егістік алқабын игеріп отыр. Биыл 370 гектарына күнбағыс егіп, оны тамшылатып суару әдісімен өсірген. Бұдан бөлек, шаруақожалық басшылығы 100 гектардан астам аумаққа картоп егуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда 11 адамды тұрақты жұмыспен қамтыса, жұмыс ауқымына байланысты 20-30 адамға дейін жұмыс істейді. Қожалықта 23 ауылшаруашылығы техникасы бар. Серіктестік күнбағыс өнімін ҚХР, Түркия, Әзірбайжан елдері мен ішкі нарыққа өткізуді жоспарлап отыр.

«Алдағы уақытта мемлекеттің қолдауы аясында шаруақожалықты дамытып, зауыт ашуға да ниеттіміз. Бұл тамшылатып суару - дүниежүзі бойынша су тапшылығының алдын алатын және өнімділікті көбейтетін әдіс деп білемін.»- дейді шаруақожалық өкілі Оразалы Шыршықбаев.


Түркістан: Залалсыздандыру қызметіне жаңа талаптар енгізілді
Түркістанда 15 тұрғын үй пайдалануға беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу