Сарыағаш: Қысқа дайындық жұмыстары тексерілді
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес Сарыағаш қаласы Б.Қасымбеков көшесі №3, №4 көп қабатты тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындығын және Бәйтерек көшесі бойында орналасқан 14 көп қабатты тұрғын үйлердің жылыту қазандығының дайындық жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінгі таңда Әйтеке би көшесіндегі, айтап айтқанда 3,4 көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ететін жылыту қазандықтарында суды айдау құрылғылары және газ жанарғыларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Одан бөлек, аудан басшысы Сарыағаш қаласы, Әйтеке би көшесінен өтетін көп қабатты тұрғын үйлерге жалғанатын жылу құбырларының ретке келтіру жұмыстарымен танысып, жауапты мекеме басшысына жылу құбырларын ретке келтіру жұмыстарының қарқынын артыруды тапсырды.
Сондай-ақ, аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының аумағында салынып жатқан автотұрақ үшін арналған жер учаскесі және спорт нысанының құрылыс барысын аралап, мән-жайымен танысты.
Қазіргі таңда, Сарыағаш қаласына қарасты Қасымбеков көшесі бойында №3, №4 көп қабатты тұрғын үйлер орналасқан аумақта балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Мөлтек шағын ауданындағы автотұраққа арналған құрылыс алаңы «Сарыағаш-Тұрмыс» КММ-нің жылу қазандығымен шектесуіне байланысты бүгінгі таңда автотұрақтың құрылыс алаңы орындары нақтыланды.
Аталған құрылыс жұмыстары бойынша мердігер мекеме өкіліне темір қоршауларын құрылыс стандарттарына сәйкес сапалы атқару қажет екенін ескертіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында жүргізіліп жатқан кәріздік тазарту қондырғысының құрылыс жұмыстарына да арнайы барып, жай-күйімен танысты.
Құрылыс барысымен танысқан аудан әкімі тиісті бөлім басшысы мен мердігер мекеме өкіліне құрылысты жүйелі түрде жүргізіп, сапалы аяқтауды тапсырды.
- Құрылыс жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарай отырып,мерзімінде аяқтау қажет. Себебі алдағы уақытта қаланың дамуын ескеретін болсақ, көп қабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйесіндегі мәселелерді шешуде нысанның орны маңызды.-, деді аудан басшысы.
Сонымен қатар, Сарыағаш қаласындағы кәріздік тазарту қондырғысы тәулігіне 3400 текше метр су тазартуға қауқарлы. Кәріздік тазарту қондырғысын салу қаланың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын жақсартады.
Айта кетсек, жобалаушы мекеме «IMPYLS» ЖШС тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Қазіргі таңда, бюджеттен құрылыс монтаж жұмыстарына қаржы қаралып, мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс нысаны 2022 жылы басталып, ағымдағы жылдың соңында аяқтау жоспарлануда.