Жастарға жаңа мүмкіндік
12 тамыз Халықаралық жастар күні мерекесіне орай жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету және арнаулы орта оқу орындарына бөлінген мемлекеттік гранттар туралы жастарды ақпараттандыру, NEET санатындағы жұмыссыз жүрген жастарды жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мақсатында Сарыағаш ауданында «Жастарға жаңа мүмкіндіктер» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жәрмеңкеге қатысушыларға Сарыағаш ауданындағы Қапланбек жоғары аграрлық- техникалық колледжі, Арыстанбаб жоғары колледжі, 12 колледжі, Сарыағаш көпсалалы колледжіндегі мемлекеттік гранттар туралы оқу орын өкілдері ақпарат берді және мансап орталығы тарапынан аудандағы бос жұмыс орындар тізбесі ұсынылып, “Сарыағаш жер сыйы” ЖШС, "Халық Банкі", Жастар ресурстық орталығы т.б мекемелер жәрмеңкеде бос жұмыс орындары туралы тұрғындарға ақпарат берді.
Егерде қосымша ақпараттар қажет болса аудандық Жастар ресурстық орталығы және Мансап орталығына келсеңіздер болады.