Сарыағаш: Әкім көгалдандыру жұмыстарының барысымен танысты

Oinet.kz 12-08-2024 34

45.jpg 

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының аумағы бойынша салынып жатқан абаттандыру құрылыс нысандары мен жасыл екпелердің суғару жүйесіне арнайы барып, оның жұмысын қадағалады. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сарыағаш қаласына кіре берісінде орналасқан саябақ үшін 4 га жер учаскесінде егегілген жасыл екпелердің суғару жүйесін қадағалап, суғару жүйесін атқарып жүрген арнайы мамандарға суғару уақытының мөлшерін артыру қажеттігі және қала әкіміне көгалдандыру және тазалық жұмыстарын үнемі бақылауда ұстау бойынша бірнеше тапсырмалар берді.

- Қала аумағында жыл өткен сайын тұрғын үйлер саны көбейіп, құрылыс жұмыстары да қала тазалығына өз әсерін тигізіп отырғаны рас. Дегенмен біз қала тұрғындарының таза әрі әдемі табиғат аясында демалысын тиімді өткізулері үшін бар жағдайды жасауымыз қажет. Қала тазалығын сақтау — баршамыздың ортақ міндетіміз,-деді аудан басшысы.


Сарыағашта каналдар тазалануда
Сарыағаш: Қысқа дайындық жұмыстары тексерілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу