Сарыағашта каналдар тазалануда

Oinet.kz 15-08-2024 298

44.jpg

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы каналдар тазалануда. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.   

 Тұрғындардың тарапынан көптеген ұсыныс пікірлері мен ұсыныстарының бірі егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету болатын. Ағын су каналдары тазаланбағандықтан, жаз айларында сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындап, ауданда ағын су жетіспеушілігі туындайды.

Бұл ретте, егістік жерлерге толық ағын су жеткізіп беру және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында аудандық бюджет есебінен облыстық «Тұран-су» МКК арқылы 3 экскаватор сатып алынып, «Сарыағаш ауданы су шаруашылығы» МКК-і Қабланбек ауылдық округіндегі ұзындығы 0,8 шақырым құрайтын «Хожахан» каналын механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуде.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев аталған каналдың басында арнайы болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді. Жауапты тұлғаларға жұмыстар сапалы болу қажет екендігін ескертіп, суғару маусымында егістік жерлерге қажетті суды толық жеткізіп беруді міндеттеді. Нақты тапсырмалар берді.


Шардараға тартылған инвестиция көбейді
Сарыағаш: Әкім көгалдандыру жұмыстарының барысымен танысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу