Шардараға тартылған инвестиция көбейді

Oinet.kz 14-08-2024 85

43.jpg 

Түркістан облысы Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бауыржан Жетпісбаевты қабылдады. Одан Шардара ауданы бойынша 2024 жылдың 6 айының қорытындысымен негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің орындалуы бойынша жұмыстардың жайын сұрап, мәселелерді талқылады. Бұл туралы Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тарқатып айтсақ, 2024 жылдың 6 айында ауданда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 12,9 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі – 102,7% құрады. Өнеркәсіп өнімі көлемі 12 395,5 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 103,1% құраса,өңдеу өнеркәсіп өнімі көлемі 2024 жылдың 6 айында 8 031,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 112,0% болды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімі көлемі 6 807,3 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 101,1%-ға артық орындалды.

Ал құрылыс жұмыстарының көлемі 9 361,1 млн. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 123,3% құрап, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 19 188 шаршы метрді, нақты көлем индексі – 116,9% құрады.Салықтық түсімдер жоспары 2 909,0 млн. теңге болса, нақты 2 996,8 млн.теңге бюджетке түсіп, жоспар 103,0% орындалып отыр.

Арман Романұлы бөлім басшысына индикаторлардың орындалу қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырып, 6 айлық жұмысына оң баға берді.


Шардара: Инфрақұрылым саласында тың жобалар іске асуда
Сарыағашта каналдар тазалануда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу