Түркістан: Бәйдібектік кәсіпкер елді мекенді ғаламтормен қамтуға ықпал етті
Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылдық
округіне қарасты Мәдениет елді мекені кең жолақты интернетпен қамтылды.
Кәсіпкер демеушілік жасаған жұмыстар «HyperOpticQZ» ЖШС-і және «Қазақтелеком» АҚ бірлескен зерделеуден соң қолға алынды. Дәлірек айтқанда, келісім-шарт аясында интернетті іске қосудың техникалық мүмкіндіктері талданған.
Нәтижесінде кең жолақты интернет Ордабасы ауданы Ақтөбе елді мекеніндегі талшықты оптикалық желіден радиомост арқылы Мәдениет елді мекеніне дейін жеткізілді.
2022 жылдың соңында елді мекендегі 77 үй, мектеп, балабақша және медициналық тірекке байланыс антенналары орнатылған болатын. Арнайы модемдердің көмегімен Wi-Fi тарату құрылғылары арқылы тұрғындар ғаламторды пайдалануда. Интернеттің жылдамдығы 20 Мбит/с жоғары болса, абоненттік төлем айына 4000 мың теңгені құрайды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі