Өнеркәсіп өнімі артып келеді

Oinet.kz 12-11-2022 284

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында өнеркәсіп өнім көлемі өткен тоғыз айда 9 миллиард 964,9 миллион теңгені құраған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 609,4 (105,0%) миллион теңгеге артық орындалған.

Screenshot_28.jpg

Жалпы Қазығұрт ауданының географиялық орналасуы инвесторларды тарту, кәсіпкерлікті дамытуға ыңғайлы өңірдің бірі болып табылады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жоғарылауына, халықтың әлеуметтік тұрмыс сапасының жақсаруына елімізде жүзеге асырылып жатқан «Ауыл – ел бесігі» жобасы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Өңірлерді дамыту», «Бизнестің жол картасы – 2025» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың үлесі зор. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауларының да басты бағытының бір саласы ауыл тұрғындарының жағдайын, өмір сүру сапасын жақсартып, ауыл шаруашылығын өндіріспен қатар дамыту болып табылады. Сонымен бірге Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында азаматтардың мұң-мұқтажына, талап-тілегіне назар аударып қана қоймай, олардың түйткілді әрі өзекті мәселелерін шешу көзделген. 

Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың айтуынша, өңірде Мемлекет басшысының Жолдау жүктеген міндеттері сәтімен жүзеге асырылуда. «Ең алдымен Президентіміз қойып отырған осы тұжырымдаманы ілгерілету мақсатында қараша халықпен ауданның әлеуметтік желілерінде және жеке парақшамда мейлінше, қажетті ақпаратпен қамтамасыз етудеміз. Өңірде жүзеге асырылатын игіліктерді тұрғындар үйінде отырып-ақ хабардар болуда. Сондай-ақ ауданның, облыстық басылымдарына аудан жаңалықтары тұрақты жариялануда. Тұжырымдамада көрсетілгендей, әр саладағы орынбасарларым, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары атқарылған жұмыстарын жариялап отыруды апараттық кеңесте міндеттеп, тұрғындардың сауалына уақытылы әрі тұщымды жауап беру керектігін жүктегенбіз. Бүгінде бұл жұмыстар жүйелі жолға қойылған. Сондай-ақ қоғамдық қабылдауларды жиілетіп, Президен Жарлығына сәйкес, ауылдық округтерде әр тоқсанның қорытындысы бойынша кездесулер ұйымдастырылып, онда сол аралықта атқарылған жұмыстарды кеңінен баяндаудамыз» дейді ол.

Ал, енді ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішіне  тоқталар болсам, өткен тоғыз ай қорытындысымен өңірде оң динамика қалыптасты. Бұл кезеңде өнеркәсіп саласында өндірілген өнім 9 миллиард 964,9 миллион теңгені құраған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 609,4 (105,0%) миллион теңгеге артық орындалған. Ал өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 8 478,1 миллион теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1005,6 миллион теңгеге артық орындалып отыр. Негізгі капиталға тартылған инвестиция 18 974,1 миллион теңге болды. Сондай-ақ, бөлшек сауда айналымының көлемі 6 566,7 миллион теңгені құрап отыр, - деді Арман Айдарұлы.

Аудан әкімінің айтуынша, шағын және орта кәсіпкерлік убъектілерінің саны 11 416 бірлікті құраған. Сондай-ақ, биылға жоспарланған 49 шағын жобаның 43-і іске қосылған. Ал ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 49 385,8 миллион теңгеге орындалған. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары қызметтерінің жалпы көлемі 5 447,8 миллион теңге болған. 

Ауданда биыл 21428 шаршы метр тұрғын үй ауданы пайдалануға беріліпті.  Жыл қорытындысымен бұл көрсеткішті 28 мың шаршы метрге жеткізу жоспарлануда. Тұрғын үй кезегі мәселесін шешу мақсатында Қазығұрт елдімекенінен 2 қабатты 10 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, аудандағы 61 елдімекеннің 56-ысы, яғни 96,5пайызы  орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Сондай-ақ 98,4 пайызы орталықтандырылған электр желісі қызметін кедергісіз алуда. Ал үш елдімекен тұрғындары бұлақ суын пайдалануда. Жалпы ауданда 61 елдімекеннің 49-ы табиғи газ жүйесімен қамтылып, 80,3 пайызды құрап отыр.  

Сонымен қатар өзекті мәселелердің бірі болып отырған «Ақбура» бұлақ көзіне қосымша ауыз су қоймасын салу құрылыс жұмыстары биыл басталған. Оның құрылысы 2023 жылы аяқталып, пайдалануға берілмек. Жоба іске асқанда Қазығұрт ауданынан 7 елдімекен таза ауызсумен қамтамасыз етілмек. Сондай-ақ 2021 жылы Ызабұлақ, Шанақ бекеті елдімекендерінде ауызсу жүйелерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып, қазіргі таңда жұмыстар аяқталып, елдімекенге ауыз су берілді. Жалпы ауданда тұрғындар көтерген мәселелер оң шешімін тауып келеді екен. 

Жол – күре тамыр. Жолдың жайын жүрген біледі демекші, биыл ауданда 102,9 шақырымды құрайтын 27 аудандық маңызы бар және ішкі жолдарға орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Алматы – Ташкент – Термез» тас жолынан 2021-2022 жылы Қазығұрт, Сарапхана елдімекендерінен 3 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынып, пайдалануға берілген. Ал оқушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында демеуші есебінен Кезеңбұлақ мектебіне баратын жаяу жүргіншілер өткелі салынған. 

Жалпы «ауданда атқарылған, атқарылуы тиіс және жобаланған жобалардың барлығы ел үшін атқарылуда» дейді аудан әкімі Арман Айдарұлы. 

Кітапханадағы кеш Нәзір Төреқұловтың 130 жылдығына арналды
Түркістан облысында орман қоры ұлғаюда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу