Тұрғындар өтініші билік назарында

Oinet.kz 21-11-2022 224

Созақ ауданының Сауылдық округіне қарасты Созақ пен Көктөбе ауылдарында 6 көше жолына асфальт жабыны төселді. Сондай-ақ Созақта ауылында  жаттығу залы мен заманауи үлгіде футбол алаңы құрылысы жүріп жатыр.

Screenshot_3.jpg

Ыбырай елді мекенінде Құрманғазы мектебінің құрылыс жұмысы басталды. Көшелерді жөндеу, жарықтандыру жұмыстары барлығы дерлік кезең-кезеңімен орындалуда. Алдағы жылы Созақ ауылында 6 көшеге асфальт төсеу үшін жобалық-сметалық құжат дайындалуда.  Бұл туралы Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Созақ ауыл округі тұрғындарымен есептік кездесу барысында айтты.  

Тұрғындар ағымдағы жылғы аудан әкімдігі тарапынан атқарылған жұмыстарына оң бағасын беріп, алғыстарын жеткізді. Жиыннан соң аудан әкімі футбол алаңының құрылыс жұмысымен және «Сызған» дәрігерлік амбулаториясының жұмыс барысымен танысты.  

Бұдан кейін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қаратау, Қарақұр ауыл округінде халықпен кезекті. Аталған жиында Қаратау ауылының тұрғындары сауалдарын қойып, көкейлерінде жүрген мәселелерін жеткізді.  Аудан әкімі Қаратау ауылы тұрғындары тарапынан көтерілген әрбір мәселеге мән беріп, халық игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

– Сіздердің алдарыңызға келіп жиналуымыздың басты себебі – сіздердің мұң-мұқтаждарыңызды талқылап, шешу жолын қарастыру. Бұл аймаққа жиі келіп, атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалап тұрамын. Мұндағы мәселелер маған етене таныс.  Өткен жолғы кздесуде тұрғындар тарапынан көтерілген жарықтандыру мәселесі жөнінде тиісті жұмыстар атқарылды. Алдағы жылы спорт кешенін салу жоспарлануда. Аурухана ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда тұрғындар сұранысына орай қосымша тәулік бойына 5 орын, күндізгіге 4 төсек орын  дайындалып, емделушілер ем қабылдауда. Сонымен қатар,  Ақсүмбе елді мекеніне байланыс және интернет желісінің жылдамдығын көтеру мақсатында қосымша базалық станция орнатуға мұнара тұрғызылуда. Сіздердің осында көтерген  ұсыныстарыңыз аяқсыз қалмайды, кезең-кезеңімен атқарылатын болады, - деді аудан әкімі. 

Сондай-ақ жиында тұрғындар тарапынан ауыз су мәселесі айтылып, жауапты мамандарға арнайы тапсырмалар жүктеді. Жиыннан соң Саржаз негізгі орта мектебін аралап, ондағы атқарылу керек бірнеше мәселені назарға алды.

Келесі кездесу Қарақұр ауыл округінде жалғасты. «Бұл округте биыл біршама жұмыстар атқарылды.  Қарақұр, Шаға, Раң ата ауылында орталық көшелері жарықтандырылып, тұрғындардың талап-тілектері орындалды. Атқарылып жатқан  жұмыстар тек халық игілігі үшін. Сондай-ақ жеке қабылдауға келген ауыл азаматтарынада заң шеңберінде көмектер көресітіліп жатыр. Біз үшін әрбір тұрғынның пікірі маңызды деді,- аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков. 

Жоғарыда аталған ауылдардағы кездесуден кейін барлық елдімекенде округ тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдап, сауалдарына жауап берді.

Мектеп оқушыларына арнап сызғыштар шығаруда
Мүмкіндігі шектеулі арулар қолөнер шеберлерімен шеберлік алмасты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу