Ақын ұстазға құрмет көрсетілді

Oinet.kz 15-11-2022 383

«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші педагогикалық тәрбиеде басты рөлде міндетті түрде ұстаздың өзі жүреді. Демек, ұстаздық жан-жақты білімді, өз саласының кәсібін сүйетін, құрметтейтін жан болғаны жөн.

Screenshot_44.jpg

Міне, ауданда осын құрметке лайық жанның бірі Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, аудандағы оқушы ақындар мектебінің негізін салушы, Жұмагүл Нәлібаева. 

Өзінің 40 жылдық ұстаздық еңбек өтілінде жүздеген талантты шәкірттерді өсірген ұлағатты ұстазға аудан әкімдігі, мәдениет бөлімі және аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімдері құрмет көрсетіп, аудандық мәдениет сарайында оның 60 жылдық кешін өткізіп берді. Оған ауданнан, облыстан, Алматы және Астана қалаларынан көптеген шәкірттері мерейтойға келіп қатысты. 

Бұл іс-шараға арнайы қатысқан аудан әкімі С.Сұлтанханов ардагер ұстазды 60 жас мерейтоймен құттықтады. 

- Қашанда ұстазға деген құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. Әл-Фараби бабамыз «Бір әріп үйреткен ұстазға қырық жыл қызмет қылсаң да артық емес» деп оныншы ғасырда ақ бәрін айтып кеткен. Сіз өз мерейтойыңызға лайықты да қошеметтеуге тұрар жетістіктермен келіп отырсыз. Өз еңбек жолыңызда талай белеске шығып, елдің құрметіне бөлендіңіз. Таңдаған жолыңызды абыроймен жалғастырып келе жатқан тамаша азаматтарды тәрбиелеп, өсірдіңіз, - дей келіп, ізгі тілегін жеткізді. 

Ал, есімдері елге танымал айтыс ақындары Д.Ақсақалов пен Д.Полатбаевтар әзіл-сықаққа, сынға толы әдемі айтыс көрсетіп, қалың көрермендердің ризашылығына бөленді.

Ия, «Шәкіртсіз ұстаз – тұл» демекші Ж.Нәлібаеваның М.Есжанова, А.Асанова, А.Маханов, М.Маханов, Д.Жаргөбенова, Н.Бөрібаев, М.Құрманәлиева, С.Сейітман секілді шәкірттері берісі облыс, республикаға танымал. Ақынын іздеген әкімнің елі бақытты дейді Шығыс өсиеті. Ол жағынан аудан басшыларының атқарып жатқан тірліктері көкейге қонымды, тәрбиелік мәні зор деп білеміз.

Елімізге танымал айтыс ақыны Анар Жаппарқұлова әдемі басқарған жиын соңы көңілді концертке ұласты.

Кәсіпкердің тартуы
Бірлігі мығым ауылдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу