Батырға деген құрмет ерекше

Oinet.kz 11-11-2022 308

Отанын жаудан қорғаған батырлар қазақ халқында аз емес. Соның қатарында Кеңес Одағы Батырларының да шоқтығы биік. Жалпы ол одақ тұсында бес жүзге тарта қазақстандық Кеңес Одағы Батыры атағын алған болса, соның жүзден астамы қазақ. Соның бірі Төлеби ауданытың тумасы Қосан Мамытов.

Screenshot_37.jpg

Жақында Төлеби ауданы Зертас елді мекенінде  Қосан Мамытов атындағы саябақтың ашылу салтанаты өтті. Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Лесбек Әуезханұлы, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы қатысып, тұрғындарды демалыс орнының ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. 

Саябақтың құрылыс жұмысына 6.5 миллион теңге бөлінген. Оның 3,5 миллион теңгесі бюджеттен қаржыландылып, қалған 3 млн теңгесін округ халқы жинап, игі істің ұйытқысы болды. Демалыс аймағына Кеңес Одағы батыры Қосан Мамытовтың кеуде мүсіні орнатылды. Сонымен қатар саябаққа келушілер үшін демалуға арналға орындақтар қойылды.  Шырша  көшеттері отырғызылып, жарықшам орнатылды.  Аяқ жол салынып, брусчатка төселді. Сонымен бірге, әрбір орындықтың жанына қоқыс жәшіктері де қойылды. Сәндік ағаштар мен гүлдер отырғызылған. 

- Саябақ халықтың тынығып, демалуына таптырмас орын. Бос уақыттарыңызда елді мекеннің көрнекті жерінде орналасқан саябақта өткізе аласыздар. Демалыс аймағын Кеңес Одағының Батыры Қосан Мамытовтың есімімен атап, оның бюстін орнату арқылы кейінгі ұрпаққа батыр есімі ұлықталды, - деді Лесбек Әуезханұлы. 

Зертас халқы ауданда іскерлігімен, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысуымен танылған аймақ. Округ тұрғындары елді мекенді, көркейту, көгалдандыру ісіне белсене кіріскен. Сондай-ақ, ауыл халқын салауатты өмір салтына шақыру мақсатында Спатай Аңдас көшесінде жеке кәсіпкер Б.Аманбаев  өз қаражатына заман талабына сай спорт кешенін тұрғызып беріп отыр.

Өнеркәсіп өндірісі артып келеді
Төлеби ауданы – суретшілер отаны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу